Posted in

ТҰЗ-ДӘМІ ЖАРАСТЫ

Тіл табысты; тату-тәтті тұрып кетті. * Ертеңінде Балта ауылына жалғыз кетті. "Әлден әйелге бет-ажарым өтпейді. Сонда тұз-дәміміз жарасты дей алам ба? Майсара екеуміздікі осы қандай тірлік? Қосылдық па? Әлде орысша айтқанда сожительство дейтін беймәлім берекесіз әрекет пе? С.Смат. * Бұдан бір жыл бұрын ЖенПИ – ді бітіріп келіп, осы мектепте математикадан сабақ беретін, көк етікті кезікпей, көн етіктікі менсінбей күйеу таңдап жүрген Мәрия деген қыз бар екен. Екеуінің тұз-дәмі жарасып, келесі көктемде үйленіп алды. Қ.Жұмад. * Ауылдан шыққан азамат, тәрбиесі, тәртібі қазақша деп арқасын кеңге салып, онша күдіктенбейтін. Қайта осы екеуінің тұз-дәмі жарасып кетсе екен дейтін іштей аналық тілегі болатын. Ақыры, міне, шошақай қыз тайраңдап жүріп шоқ басты. С.Смат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *