Жоқ қылды, жермен жексен етті. ~ Кейіннен әлдебіреулер: — Жылқыны тұздай құрту қазіргі еліміз ұстап отырған бағытқа сәйкес емес, — деп қыңқылдаса: — Қыс қатты, ие болу қиын, — деп ақталса керек. К.Жүн. ~ Ескексіз қайықтай қалқып жүрген қазаққа ес кіргізетін өзім деп, кеуде қағып жүрген «қайраткер» қайтқан ба: «Бәрің де маймылсыңдар! Бәрің де мына тұрған (төрде ілінген портретті нұсқап) таза маймылдың ұрпақтарысыңдар. Көздеріңді тұздай қылып құртамыз!» дейді төріңе озып. Қалың қазақты оятамыз, есесін әпереміз деп дүрлігіп жүрген демократ сөзінің сиқы осы! Үкімет қызметін атқарып жүрген зиялы қазақтың көзін тұздай құртса қай қазақты ұшпаққа жеткізем дейді екен күпсінген төре. Ә.Ізб.
