Тып-типыл қылып құртты, көзін жойды; түбіне жетті. ~ Жеңіп тасып көрді, жеңіліп жасып та көрді. «Сары ізіне шөп салып» аламыз деген ірге жауы, қазақтар, ақыры өздерінің тұқымдарын тұздай құртып, «Көзден ұйқы, қабақтан күлкі кетірді». К.Сег. ~ Әлден ақшаға құныққан күзетші шалың анау, оған тағы бірлер қосылса… тұқымын тұздай құртар. Қ.Жиен.~ Адамдардың тұқымын тұздай құртатын ең қатерлі кесел Құдайдың жіберген ауруы емес, осы – ар-ұяттың жаназасыз жерленуі. Е.Әл. * Іргесінде сыңсыған қалың қол жиналып, тарпа бассалар апатты шабуыл әзірленіп жатқандығынан иіс-сыбыс алмаған аңғырттық пен бейқамдық бұл елдің түбіне жетіп, тұқымын тұздай құртып жіберуге шақ қалған. Ғ.Біл. * – Менің ақ дегенім –алғыс, қара дегенім –қарғыс. Кім маған немесе мен жұмыс істеп отырған үкіметке қарсы шығатын болса, көзіне көк шыбын үймелетіп, тұқымын тұздай құртамын! –деген дөң айбат көрсететін болды. Ж.Шәк. ~ Әлден ақшаға құныққан күзетші шалың анау, оған тағы бірлер қосылса… тұқымын тұздай құртар. * Аңғалдық, долаңдық істесе азулы жаудың тұқымымызды тұздай құртуына мұрындық болады. Ғ.Біл. * Қаңғыбас сәурікке қысырақтың үйірін бөлмей тынбайсың. Ұлды ұяға қондырмасақ болмады. Бірдеңеге ұшырап жүрмесін. Қара бүркіттің шеңгеліне түспесін де! Түсе қалса тұқымын тұздай құртады, – деп қарқ-қарқ күліп алған. Т.Рыск.
