Қаһарын төкті, бұлқан-талқан болды. * Қыз бен жігіт те жоқ. Алдына түсіп кінәсын мойындаған Жігітек те жоқ. Жаңағы сөздің бәрі –"тіл емізу, қашыртқы салу." деп бағаланды. Содан соң-ақ Сүгір айғайды салып, от басын сабап, Бөкенші әруағын шақырып, тұлан тұтып кетті. "Мың көк аланы салдым намыс жолына. Шаштым, бердім қолыңа барымды! Тек, кегімді әпер мынадан!" деп жуан бай бүлікке кетті. М.Әу. * – Құр жамандау емес, жаулап масқара еткелі келген ғой! Ағасы мен жеңгесін «ит» дегеннен артық қандай жаулық болушы еді?~ деп, Қаражан тұлан тұтты. М.Әу. * Бұл қалай? Осының әділдік пе, шұнақ Құдай?!!» деп кейіп, тұлан тұтып талағы тарс жарылғанын көрсең! Т.Сәу. * – Дұрыс, – деді Қосымхан масайраған дауыспен езуі жайылып. – Құлға мен сияқты кандидат-сандидат жарай бермей ме, неге тұлан тұтып тыпырлағаныңды түсінбедім. Т.Сәу. * — Енді не қалды? Көки жүріп көңіл жұбатпасақ аң боп барамыз. Қазан – аяқтың мес бордақысы Мешелге дейін теке сасып кеттік деп тұлан тұтып жатқан жоқ па?! Қ.Ысқ. * Бірақ Термердің өңі бұзылып кетті, ызадан жарыла жаздаған, әйтсе де ауыз ашпады. Ал кешке бәрімізді жинап алған кезде тұлан тұтты. Дж. Сэл. * Кеш түсіпті. Әлгінде тұлан тұтқан табиғат жынынан айрылған бақсыдай тынышталған. Тек сыбырлап жаңбыр ғана құйып тұр. «Осыдан кейін түсік тастамаса… бұл да енді темір шығар…» С.Елу. * Ұрттарына құрт толтырып алғандай, ешкім бұған ләм-мим демеді. Тұрып, тұрып тұлан түте, бәйбіше ауылдың сырт жағындағы едәуір алшақтағы үйіне тартты. Ш.Құм. * Гүлия тіпті көзін де жұмған жоқ еді. Беті қарауытып, тұлан тұтқан судың бетінен өлімнің асығыс ағысын көргендей болды, көрсе де қорыққан жоқ. О.Бөк.
