Posted in

ТҰЛЫМДЫНЫ ТҰЛ, АЙДАРЛЫНЫ (БҰРЫМДЫНЫ) ҚҰЛ (КҮҢ) ҚЫЛДЫ

Қызды да, ұлды да құлдыққа салды, қорлады. ~ Қайың сауу қалың қазақ алғаш мың жеті жүз жиырма үшінші жылы қалмақтар шабуыл жасап, сүрен аттап, шұрқан салып, тұлымдыны тұл, айдарлыны құл етіп, қазақ шығарға өр, кірерге көр таппай, бет-бетіне тентіреп кеткенде болды. Б.Қыд. ~ Біздің айдарлымызды құл, тұлымдымызды күң ететін баяғы заман оның көксегені. А.Жүніс. ~ Айдарлысы құл болып, тұлымдысы тұл болып, Еңіреген ел көрдім. М.Жұмаб. ~ Тілекті Тәңірім кесті деп, Дұшпанның көңілі өсті деп, Тұлымдымды тұл қылып, Бұрымдымды күң қылып – Қырық жігіт ұмтылды Күзгі желдей ызғырып. Манашының бойында: Н.Шырш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *