Бетпе-бет кездесті, жақындасты, жанасты. ~ Бірінің қимылын бірі баққан бөрі мен ит тұмсық түйістіре, арбаса, қатар жарысқан қалпы соңдарынан келе жатқан Қазыдан әжептәуір ұзап шықты. М.Мағ. ~ Мұның астында жүні жығыңқы дөнежін байталы мен Құндақбайдың кексе күрең қасқасы бір-бірімен тұмсық түйістіргенде екеуі де ер үстінде ай-шайға қарамай бірден саудырай жөнелісті. Ұ.Досп. ~ Бұлтіке қыз ерніне төнді. Сан сүйіс өтті одан бері. Бірақ соның бәрінен де Лағылмен тұмсық түйістірген сәттік тұшы- ныс қымбат көрінеді де тұрады. Ө.Кәр.
