Бас сұқты, енді. ~ Бұрын атам мен әкемнің иелігі Сыр бойын түгел алып жатушы еді, ал қазір мен тек Түркістанға ғана иемін. Қалдан Серен мұнда да тұмсық тығып, қаланы қожаларға менімен бірдей басқартып қойды. С.Ақт. ~ Орыс офицері Фома Ларионыч Клещовтың бір топ қандастарымен теміржол құрылысына қажетті қарағай әзірлеуге лайық қуыстарды іздегенде ең алдымен осы Доланалы аулына тұмсық тығуына бөгде бір себеп те бар. Ұ.Досп. ~ Бүгін жағалауға қарай жосылдық. Тұп-тура өрістен оралып, ана баурайына тұмсық тыққан жас төлдейміз. Ж.Кем. ~ Сен бұл жолы Қараңғысайға жасырына алмайсың! Ол жықпылға суық дегенің мықтап-ақ тұмсық тығыпты. Ұ.Досп.
