Posted in

ТҰТТАЙ (ТҰТ) ЖАЛАҢАШ

Үсті-басында түк жоқ; киім атаулыдан ада. * – Қа-қалай?!! – Қосымханның жас жуған түймедей көздері шақырайып шарасынан шығып барады. – Тұттай жалаңаш шешіндірді емес пе, аналар қалтаңнан алмап па, әлде кабинаның бір жеріне жасырып па едің? Т.Сәук. * Содан да шығар, дүние бей-берекет, бардың өзі ұқсамайды. Анау Бимендінің балалары тұттай жалаңаш. Ал қой дегенің отар-отар болып мыңғырып босқа жатыр. К.Қазыб. * — Сол жетімекті асыраймын деп арқа етім арша, борбай етім борша боп жүрмін. Қанша шарқ ұрсам да, шөлкиім жамалатын сұры жоқ. Мына өмірден тұттай жалаңаш өтетін секілдімін… Ж.Шағ. ~ «Енді маған есемді қайтар», – дейді. Атасының басы! Он жыл баққан қойын бұлдағанда, ішкен асын, киген киімін есепке алмайды екен ғой! Тұт жалаңаш жүргенде басына пана тұрғызып берген де Әкімбек емес пе еді? «Бұлар қан сорғыш сүліктер!» деп көкіді-ау! Көрсетермін қалай қан сорғанды! Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *