Posted in

ТЫҒЫРЫҚТАН ЖОЛ ТАПТЫ (ТАППАДЫ)

Қиын жағдайдан құтылып шығудың амалын ойлап тапты (таба алмады). * Қанша ойланса да, аяқтап келгенде: «Япыр-ай, ә? Бұ қалай болды?!» деген тығырыққа айналып кеп тіреле берді. Сол тығырықтан жол тауып шыға алмады. Ж.Айм. * Онсыз да тығырықтан жол таппай амалы құрып отырған дастарқан басындағылар мынадай келеңсіз әңгіменің құдалар ауылына жетпей тынбайтынын ойлағанда әрқайсысы отырған-отырған орнында қара жерге кіріп кете жаздады. Д.Исаб. * Сеземін де тығырықтан шығар жол таба алмай аласұрамын, жанымды жеймін, баз кешемін. Ә.Асқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *