Posted in

ТЫЗ ЕТКІЗДІ

Денені тітіркендіріп жіберді. ~ Күн қызыл шұнақ ызғырық, түу деген түкірігің жерге түспейді, желге қарасаң, бет аузыңды тыз еткізеді. Б.Май.~ Солай қарай беттегеніңді көрдіақ, қалтасын толтырып салып ап жүретін түйенің тастай құмалағымен көздеп тұрып не тап милығыңнан, не тап май құйрығыңнан тыз еткізер еді. Ә.Кек. ~ Осындай ешқашан орындалмайтын күнәсіз арман Ақілгекті бір мезет тәтті әлемге қарай тербете тартқанымен, өткеннің ащы запыраны кілт тоқтатып, жүрегін тыз еткізе тіліп өтті. С.Итеғ. ~ Тақырайған төбем сонда да ашық, бұршақ екіленіп төбеме, қолымның сыртына келіп соғылады. Қолы қатты біреу аямай шертіп жібергендей тыз еткізеді. Б.Соқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *