Posted in

ТЫНА ҚАЛДЫ

Дымын шығармай үнсіз тұрып қалды. * Соған қарай аттай бергенде, сыртта тасырлап кеп қалған көп аттың дүсірін есітті. Келіп қапты. Үзеңгі-тұрман шылдырлап, алды түсіп жатыр. Есікті қайта жамылып, саңылау қалдырып Айша тына қалды. М.Әу. Қоғадай салбырасып хан, қарасы, Намазға ұйығандай отыр тыңдап. Қаққанда деген күйді «Терісқақпай» Жымжырт боп тына қалды жел де соқпай. І.Жанс. * Дәл осы кезде жаман клубтың жаман есігін теуіп ашып Қызбалтайдың кіріп келгені. – Өй, өңшең тексіз! – деп шыққан әйелдің ащы үні. – Елдігін, кісілігін жоғалтқан өң құл-құтан! Еңкілдеп-өңкілдеп отырған жұрт лезде тына қалды. Н.Дәут. * Сәбира қарсыласқан жоқ, жатын бөлмедегі көлдей кереуеттің шетіне күмп етіп жантая кетті. Шықаң мен Ұлбану тым-тырыс. Демдерін ішіне тартып тына қалды. Т.Сәу. * Бір кезде ішке түйгендей бүрсиіп, аяқ-қолын бауырына алып жиырылып, қалш-қалш домаланды да қалды. Аңғарғаны, күн сөніп барады екен. Дүние таскерең, сілтідей тына қалды да, соңынша жұлқынып жан – пәре айқай шықты. С.Елуб. *

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *