Posted in

ТЫҢ СӨЗ

Жаңа балама, қолданылмаған, соны теңеу. Бұл арада көбінесе шығармашылық тақырыпта, ақын-жазушылардың еңбегіне қатысты айтылады. * Көшіріп отырып күрсінеді, күңіренеді. Бір сөзге екінші сөзді мінгестіріп, оны іле-шала сызып, тың сөз іздеп, сызғылайды келіп, өзін де, басқаны да әуре етеді. Г.Бель. * Абай ойлана сүйсінді. – Мынау бір естілмеген тың сөз екен-ау! – деп, Дәрменге қарап еді. М.Әу. * — Өліара…— деді Елтай. Деді де таң қалды: бұрын аузына түспеген тың сөз. М. Қаб. * Топ ішіне арызшының бірі боп кіріп отырып, өз құлағыммен естіген бір-екі сөзім болды. Соны сізге әдейі айтайын! – деп, тың сөзге ауысты. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *