Posted in

ТЫРНАҚ АЛДЫ

Тұңғыш еңбегі; алғашқы жазғаны. ~ ~ Одан қаймығып жалтарған кезде бір сермеп еді, дәл тұмсықтан тиді шоқпар. Жығылып қайта тұрса да қасқыр одан әрі әлсірей берді. Жүйемелете тиген тал шоқпар жықты ақыры. Сарыбала атынан түсіп, көңілі көншіп тұрған кезде Сүйгембай жетті. Қанжығаң майлана берсін, шырақ! Қара жерде қасқыр соққан жүйрік боз жүгірісінен танбасын! Байладым, ата. Жақсы кездестіңіз. Тырнақ алдың ғой, байланбаймын. Сойып беріп тек құйрығын алам, бөкебай болсын. Ғ.Мұст. ~ Таңсықбай Боранбаевтың тырнақ алды еңбегі мәселе қоюдың тыңдығымен сүйсіндірсе, сауалының тым шымырлығы кексе көкейге секем алғызған. Д.Дос.* Өзінің тырнақ алды прозалық туындысын шағын повесть түрінде бастап отырғанын автор бір де минутке есінен шығармайды. Б.Соқ. * Бұл менің педагог – журналист ретінде тырнақ алды енбегім еді. Ғарекең мені ынталандыру ниетімен қаламақыны молдау етіп көтермелеп қойды. Б.Соқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *