Түгі жоқ, мал атаулыдан жұрдай кедей. ~ Көнбей қойды. Көнбесең… дедім де, – ол былш еткізіп былапыт сөздер айтты, – мен елде үйі-күйі, қора-жайы, 3-4 сиыры бар, шалқып отырған жесір, жас, бай әйелге үйлендім де алдым. Тышқақ лағы жоқ студент қыздың қасында бұл дегенің шылқып жатқан байлық емес пе? Ә.Нұрш. ~ Теріні тапқасын өз малынікі екенін біледі. Жас еттің исін жазбай таниды. «Тышқақ лағы жоқ үйге келген не қылған ет?» деп ойлайды. Ү.Жәл.
