Шатақшыл, ожар. * Әлгі дәретсіз, сүндетсіз, түрегеп сиетін, шошқа етін жейтін, арақ ішетін, темекі сасыған, елді қыран жапқандай қылып, қамшы, қылыш, мылтық ойнататын, мейірімсіз, шадыр мінез орыс осы емес пе? Ж.Айм. * Бір білетіні – шалдың бүйтіп толқығанын көргені осы. Жайшылықта болса: “Шадыр мінездің кәріне ілініп қалармын”, – деп артық-ауыс ештеңе айтпас еді. Ал дәл қазір үстінен атан түйе өтсе де мыңқ етпейтін секілді. Қ.Найм. * Сын тезіне алынатындардың бүкір, шадыр мінездері, қыңыр-қисық сөздері тексеріліп, тегеурінді күштің көпшілік топ алдына құрылған тезіне басылады. Ғ.Біл. * Шалының ашуланған кездегі шадыр мінезінен қатты именетін Салиха шешей жым болды. С.Мұр. * Әлгі дәретсіз, сүндетсіз, түрегеп сиетін, шошқа етін жейтін, арақ ішетін, темекі сасыған, елді қыран жапқандай қылып, қамшы, қылыш, мылтық ойнататын, мейірімсіз, шадыр мінез орыс осы емес пе? Шынымен сол орысты иіскегені ме? Ж.Айм * Бір білетіні – шалдың бүйтіп толқығанын көргені осы. Жайшылықта болса: “Шадыр мінездің кәріне ілініп қалармын”, – деп артық-ауыс ештеңе айтпас еді. Қ.Найм.
