1. Жетпей қалады, таусыла береді. * – Жаға берсең, самаурынға отын да шақ келмейді екен, – депті кемпір бір жолы азанғы шай үстінде. Б.Мом * Көкірегі қазандай, көттігі шөмейген, шоқтығы қол созым, постромка болмаса омырауына қомыт шақ келмейтін сияқты. Қ.Ысқ. * Сенің аяғың неткен жемір, бәтеңке шақ келмейді екен? Қ.Ыс. * «Мал… мал…» — дейсің де жүресің… шөп шақ келмейді деп жылқыны құртып, түйе жидың. М.Сүнд. 2. Теңі емес, жеңіліп қалады, төтеп бере алмайды. * Балуан күресі басталады. Таусоғарға балуан шақ келмейді. Қаз.ЕРТ. * Мен болсам, Бауыржанды шақ келтірмей ұтамын, – деп ылғи мақтанып жүрді. Ә.Нұрш.
