Бұрқан-талқан болып, ашу шақырды. * Түнде жүріп кетпек еді, Сиғат алғашында қара торы келіншектің әдемі шайын қимады, кейін шофер жігіттің аузынан сыраның иісін сезіп қап шалқасынан түсті. Қ.Ысқ. * — Жаса, Майра! – деп Жомартбек жалғыз өзі аямай алақан соқты. – Сағынованы шалқасынан түсірдің. Аяғын аспаннан келтірдің. Ә.Нұрш. * — Қашан танысып ең?—деп еді, Абыралы шалқасынан түсті. — Қатқаныңның басы! Мен не дейім, домбырам не дейді. Бүгін бөле қарындастың туған күні деп тұрмын, М.Қабанб. * .Бірде ағайым маған ақыл айтты. «Алтынай, сен бүйтіп жүре берме. Оқы. Өнерің болғанмен оны жетілдіру керек» деп. Күйеуіме айтып көріп едім шалқасынан түсті. Ү.Жәлеке. СИН: ШАЛА БҮЛІНДІ
