Posted in

ШАЛЫҚ ШАЛДЫ (БАСТЫ, ҰРДЫ, ТИДІ)

* Әлде тіпті екеуміз де бірігіп ұйқыдан шатасып тұрмыз ба? – деп Ербол, өзі де шалық шалған кісідей бола бастады. М.Әу. * Соның аяғы "Біржанды шалық басты, жын иектеді" деген сұмдық кесікке байлап, аяқ- қолға кісен салдырды. С.Смат. * – Осы қызды шалық ұрды білем, құманы ақтарылып қалыпты, төбенің басында сексиіп не қарап тұр, жаным – ау. З.Шүк. * Түпкі аталарың Қазанда мешіт ұстаған деседі ғой. Дұға оқып, шалық тиген науқастарды жазатын аруақты адам болыпты…» Т.Сәу. * Осы маған шалық тиіп жүрмесе жарар еді. Ә.Асқ. ~ Ер қанаты аты өлсе, адамнан кем көрмей, көр қазып жерлейтін; ең асыл тұқымының жалын тірі жанға сипатпай, ерен құпия сақтайтын; қисапсыз қазынаға айырбастамас, антқа берік текежәуміт, ата мал айғырын өлсе сатпайтын; астындағы атын жанынан, қойнындағы қатынынан артық көретін; айтулы батырлары ұрыста өлген атының басын ардақтап биік тауға қоятын, тұлпардан айрылуды өлімнен кем көрмейтін қайсар қазақ, түбі ер түрік оғыз- қыпшақ нәсілі жылқы десе еліріп, шалық шалғаннан бетер есі кетеді. А.Кем.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *