Posted in

ШАҢЫН ҚАҚТЫ

Жер-жебіріне жетіп ұрысты. ~ Көкбай — Бөкеннің апасымен бірге туысқан кісінің баласы, сондықтан Бөкеннің апасы шындап ашуланса, бұл Көкбайдың шаңын қағады аспанға. С.Мұр. ~ Оразкүл ағамды шақырып алып, шаңын аямай қақты. Мен мерейленіп қалдым. С. Олж. ~ Мәкеңнің өмірі мен қызметі жайлы талай-талай әңгіменің шаңын қаққан әкім, залдағылардың қозғалақтауы көбейіп бара жатқан соң, “қой ендігім болмас” деді ме, сөзді қонақтың өзіне берді. Н.Дәу. ~ … әлгідей ауыл арасының өсек-аяң шөра-шөре қиқым сөзіне ілік іздеп басшылардың шаңын қағып, сілкіп алар ма еді! Д.Досж. ~ Мен танымайтын тағы бір жазушының романы ұсынылған еді сол сыйлықка, тегі, мен сияқты достары ол романның да шаңын қақса керек, – оған да сыйлық бұйырмады. Ғ.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *