Жасы ұлғайып, егде тартты, самарқауланды, мосқалданды. * … есік алды керде қоралы қой ыңыранып жусап жатса, тақымға толық тайлақкер мен алшаң басатын алкүрең белдеуде байлаулы тұрса, шар тартқан Боранқұлға бала-шағасының жанында күліп, жырғап отырудан өзге не керек?! Ғ.Біләл * Қартыңның ойы шар тартты. Абай. ~ Агафия Никаноровна, – деп буындары шұңқырайған сүйріктей аппақ саусағын ұсынған, қырықтарға тақаған көрікті әйел, ұшы қайқиған әдемі кірпіктерін жиі қағып, көзін төңкеріп-төңкеріп тастаған. Егде әйел болғанмен әлі жып-жылтыр бетінде шар тартқан адамға тән әжім сызаты жоқ. С.Жүн. * «Бұл байқұс та шар тартып қалған екен, – деді Шәкәрім Қарашегірді алғаш қолға түсірген кезін есіне алып. Қ.Жұмад. * Сары шал заманында қапсағай жігіттің түрі, қарттық жеткен соң дене де шар тартады. З.Шүкір. * Сары шал заманында қапсағай жігіттің түрі, қарттық жеткен соң дене де шар тартады. Сіңірлі бұлшық еттерді май басқан. З.Шүк.
