Posted in

ШАРАСЫ ТАУСЫЛДЫ

Амалы бітті, енді не істерін білмей дал болды, басқа амалы қалмады. * Қазіргі жалақымен мәңгі-бақи үй ала алмайтынын және біледі. Баспананы шарасы таусылғандықтан сұрап отыр. Айтқан сөзіңнен замандастарыңа, достарыңа деген ешқандай мейірім көре алмай отырмын. Т.Әсемқ. * Осылайша шешесі мен баласы біраз дауласып сөйлесіп алды да, ақыры Зейнат шарасы таусылғандай лажсыз күлімсіреп әжеме қарады. С.Мұратб. * Күте-күте қалтырап тоңа бастады. Ақыры шарасы таусылып, біреуде ақысы кеткендей мойыл түбінен құлазып шықты. Ә.Асқ. * Ұл шарасы таусылғандай ыңырана қозғалып барып, жастығына жантайды, Келін де самауырынның шүмегін жұлқи бұрап, шай құйды. Тұлданған түрі. К.Сег. * … Бетпақ Далада адасқан У2 шолғыншы аэропланы жағармайы сарқылып, шарасы таусылған ең соңғы сәтте көз ұшындагы бозғыл ойпаңда адам тұрағы барын аңдады. М.Мағауин * Түн болды ғой… Балым! — деп, көмірқара Бұлыш шарасы таусылып жан-жағына қарады. С.Елу. СИН: АЙЛАСЫ ҚҰРЫДЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *