Posted in

ШАРТ СЫНДЫ

1. Оқыс мінез танытты, екі сөзге келмей, ашу шақырды. * – Атымды бермеймін!—деп шарт сынған Қарасұңқар. Ә.Әл. * Ой, айранда басың қалғыр! Былай тұр! — деп Әсем шарт сынды. — Айран дейді ғой құлқын сәріден! 2. Ортасынан бөлінді, күл-паршасы шықты, морт үзілді. * Жиырмасыншы ғасыр біздің шаңыраққа шаттық әкелген жоқ, заманның алай-дүлей дауылы шайқаса да шарт сынбағанымызға тәуба. Шам-шырағымыз өшкен жоқ, әйтеуір. Б.Тоғ. * Ақырында бір күні, тұма басы, Пайда бола кеткендей жын абасы, Бір нажағай жарқ етіп қыз есінде, Иінағаш шарт сынды тізесінде… Т.Әбдікәк. 3. Сарт еткен оқыс дыбыстың сипаты. * Көп ұзамай, тағы бір хабар ашық күнде шарт сынған найзағайдай ес тандырды: өзінің досы, ағайыны Жалменде ұлы Пышан атылыпты. Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *