Posted in

ШАРУАҒА (ЕҢБЕККЕ) ҚЫРБАЙ

~ Әжем болса қартайды, інім болса жас. Тұңғышбайдың келіншегі шаруаға қырбай адам, оның үстіне 3 жас баласы бар… Ол кетсе, осынша жанның міндеті менде болады-ау!.. Ж.Айм. ~ Бұларды дос қылған екеуінің де құмарлығы, әуесі — аңшылық еді; екеуінің сүйегінде де жалқаулық, серілік бар еді; екеуі де шаруаға қырбай еді; әкесі Бекболат екеуін «Екі әуейі» деуші еді. Алайда екеуінің жаратылысы екі басқа еді. Ж.Айм. ~ Майының артығын сатып, киім-кешек, ұн-шайға жұмсайды. Ауылдағы кексе қатындар шаруаға қырбай келіндеріне ұрысқанда, «Жидіген, шірік күң! Ана Алтынайды көрмеймісің, бит терісін биялай қып отырғанын!.. Қазақтың қатыны сондай келеді» деп ұрысатын… Ж.Айм. ~ Жасыңнан еңбекке қырбай едің. Есіңде ме, екеумізді де әкеміз пішенге аяғымызды тұсап салды. Мен сол күні түске жетпей-ақ тұсауымды алдым. Сен екінші жылы да шөпті тұсаумен жүріп шаптың. Ғ.Мұст.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *