Posted in

ШАШ ЕТЕКТЕН (ЕТЕК)

Молынан; ҚИСАПСЫЗ КӨП. * Жаз жимай қыс азығын жатушы едің, Арзанға қымбатыңды сатушы едің. Еңбекпен табар пайдаң болмаған соң, Борышқа шаш етектен батушы едің. М.Дулат * Былтырдан бері отыз отар қойға машинамен тасыған суды есептеп қараса — шығын шаш-етектен! Б.Тоғ. * – Қазинесі кең Құдай, пендесіне берейін десе ризығы шаш етектен ғой. Көктен тілегеніңді жерден беріп қораң ешкіге толып шыға келгенін қайтерсің,– деді де, Сары Шая үйіне кетті. Ә.Нұрп. * Егерде коллекциялық нәрсе болмаса, егерде бір байдың үйінен немесе мұражайдан ұрланып іздеуде жүрген нәрсе болмаса, онда шаш етектен байыдың, бала. Т.Әсемқ. * Көпжасардың арақкештігіне күлетіндерден көрі, ішуді құптайтындар шаш етектен болатынына Қанаттың көзі жетеді. Т.Рыс. * Ол үшін бүркеніп тұрып жатуы керек. Оған жағдай қайда, осы үйдің кәкір-шүкір шаруасы шаш-етектен. М.Сүн. Ас та төк, мол. * Бұл лақапқа бей сеніп, Шамды Мәкканың ғұлама молаларына талай рет қаратты. “Оның бойынан мылқау сиқыршының дуасын қайтарған адамға шаш- етек сый тартамын”, – деп жар салғызды. А.Смай. * Содан бері аттай зулап бес жыл өткен, бірақ ол бұл елге қайтіп ат ізін салмаған; қысастықпен емес, тіпті шаш-етек шаруадан қолы тимеген-ді. О.Бөк. СИН: КӨЗ ТҰНЖЫРАЙДЫ; АЯҚ АЛЫП ЖҮРГІСІЗ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *