Posted in

ШАШЫНАН КӨП ЖАЛАСЫ

~ Бұқар тұрған жерінде бір тізерлеп алып термелей жөнелді. Ашық даусы тау бүркітінің саңқылындай отырғандарды түгел елең еткізіп баурап барады. — Ер жігітке жарасар Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар, Халқына тиген пайдасы. Ақсақалға жарасар Тілеуқорлық айласы. Келіншекке жарасар Емшектегі баласы. Қыз он беске келгенде Шашынан көп жаласы. Бұл жалғанда бір жаман Ағайынның аласы, – деп түйдектетіп барды да, шешіліп кетті. С.См. ~ Қанбай ма оның табасы. Көзіңменен көрмесең, Мынауың қалай демесең, Шашынан көп әйелдің Жабылатұғын жаласы. "Мақпал – Сегіз".

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *