Тұла бойыңды қармаған суық не ыстық туралы. ~ Шаңқай түсте, күн шекеден шығып өтіп бара жатқанда, қырмандағы тіршілік сап тиылады. Ш.Мұр. ~ Шөл мен аштық бірге шабуылдады. Теңіздің кермек суы қақыра тамның іргесіндегі гүмпілдеген шеген құдықтың шекеден шығар тастай суындай қайдан болсын. Қ.Жиен. ~ Бәкизат шыңғырып жіберді. Қасқыр оған қыңған жоқ. Қайта шекеден шыққандай ащы дауыс ызаландыра түскендей. Ә.Нұрп. ~ Жыртық күпіге оранып, бүк түсіп баласы Қали жатыр. Үй суық, жамаулы терезенің жыртығынан кірген ызғырық шекеден шыққандай… Б.Май.
