Posted in

ШЕТ (ШЕТКЕ) ҚАҚТЫ

Көңілі суып, алыстады, сыртқа тепті. * Ұрқия күйеуім қатын алады-ау мені шетке қағады-ау деп қорықпайды: Күйеуіне сенімді ғой. Қайта «Тоқал ал!» дегенді зарыққан кезде, өзі айтып жүретін ғой. Десе де кім біледі, жасаған иіп, бойына бала бітіп қала ма деп, екеуі де дәмеленетін. Ж.Айм. * Иек артатын адамыңыздың біреуі сол демекшімін ғой. Сіздің өз інісі екеніңізді білген соң ішек-бауыры елжіреп кетпесе де, бұрыннан үкіметке жұмыс істеп келген сенімді әулет болғандықтан шетке қаға қоймас. Ж.Ш. СИН: ШЕТКЕ ШЫҚҚАН САЯҚТАЙ ЕТТІ; ШЕТ ҚАҚПАЙ ҚЫЛДЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *