Posted in

ШЕТ ПҰШПАҚТАДЫ

~ Діншілдер қанша тықпаласа да шет-пұшпақтап қана енген араб дінің араб тілін қазекең мылжалап-мылжалап өз дегеніне көндіріп алған. Не шаманды, не ісләмді мықтап ұстамай, оларды бірде басына көтерсе, бірде аяғымен таптап кете баратын қазақы мінез – жаңалықты қабылдампаз мінез сияқты. Ғ.Мүст. Үзіп-жарды; шет жағалады; алыстан орағытты; жұмбақтап сөйледі. * – Алдияр, дәм жазса өмір-тарихымызды өзіңізге асықпай айтар күн де болар. Үзіп-жұлқып, шет пұшпақтап болса да айтайын, – деп ол кесесін жерге қойды. К.Сегізб. * Шет пұшпақтап границадан шығып кеткен азын-аулақ елдер болмаса, одан басқа халық жігітін беріп жатыр. С.Мұқ. * Мұның алдында «песір», болыстар шет пұшпақтап «іспескі» жазып жүр дегенді жұрт күңкіл қылатын. Б.Қыд. * Қанымай оңашада осы ойын: «Қарағымды Құдай қайдағы аңшыға қайдан тап қылды?» – деп шет пұшпақтап күйеуіне айта бастаса, ол: «Маңдайынан көрер. Аңшының аштан өлгені жоқ» – деп үзілді- кесілді тыйып тастайтын. Ү.Жәлеке. * Қалыңға көп кірмей шет пұшпақтап араласқан қазақ жауынгерлері тірсектен алған бөрібасардай қауып – қарпып, қаша соғысып, жауларын ондап – жиырмалап құлатып жүр. С.Смат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *