1. Сидиған арық. * — Бірақ,—деді ол басын ойлана шайқап,— Клашамен өткізген он минуттік уақытымды бұл сидиған ши борбай қыздың барлық өміріне бермеспін… Ә.Әбіш. * – Ой, оның несін сұрайсың, шикі өкпе, ши борбай, сүзбе буаз желөкпе ел баяғы… қанды көген қарғадай улап-шулап жүрген. О.Бөк. 2. Ойын балалары. * Тек ана әжеңе тіс жарып, әкең туралы білдіре өрмегейсіздер. Ши борбай іні-сіңлілеріңе қолғабыс ет,— дедім. М.Сүн. Салт аттылардың бөтен сыңайын таныған бірлі-жарым адам жасқаныссыз бедірейіп тесіле қарады. Ши борбай айран бет үш- төрт бала құйрығын сабалап құйғытып кеп қалды да, бөтен болған соң, сілеусін көрген еліктей едірейіп қалт тұра қалысты. О.Бөк. ~ Бақан жігіт күнінде көрген қыз атаулының танысын көз алдынан өткізіп отыр. Олардың бәрі де ши борбайлау көрініп, көңілі бітпейді-ақ. М.Сүн.
