Posted in

ШИ ЖҮГІРТТІ

Мысқылдады, кекетті. * — Түйсігі бар жұрт алдымен іш киімнен бастаушы еді, — деді Бескемпір. — Ши жүгіртпесең ішің кебе ме? — деді Жақып. — Тегі ұрық – шарқыңда әзәзілден туған біреу бар-ау?!. Қ.Ысқақ. * Раушан мен Нұрлан жайында таралған өсек те тыйылмай, өрбіп, өсе берді, «айтар, қояр» деп дүдамалданып, құлағын мақтамен бітеп алса да, тыйылар емес, біреуі болмаса біреуі сөз арасында ши жүгіртіп іліп өтеді, әлде қорыққанға қос көрініп, Мәліктің өзі де сезіктене бере ме… З.Шаш. * — Түйсігі бар жұрт алдымен іш киімнен бастаушы еді, — деді Бескемпір. — Ши жүгіртпесең ішің кебе ме? — деді Жақып. — Тегі ұрық – шарқыңда әзәзілден туған біреу бар-ау?!. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *