* Бұлармен қатар отырған манағы ала тақиялы кісілер шілдесінде шырақ көрмегендей осыншама обығып, маңдайларынан аққан терді сүртуге шамалары жетпей ас ішкен "орынборлық мырзаларға" таңданған жүзбен жадт-жалт қарай бергесін … О.Сәрс. * – Мен бұрынғы Қарқаралы уезіне қарасты Балқаш болысында, Балқаш көлінің жағасында 1865 жылы туыппын. Әкем Қошқарбай шілдесінде шырақ көрмеген кедей еді. Жасым оннан асқан кезде әкем өліпті. Ендігі бас көтерер шешем жарымжан. С.Бег,
