Posted in

ШОҚША САҚАЛ

~ Шоқша сақал шомбал қара қолындағы қамшысын тастай беріп: – Жоғары шығыңыз, – дегенде, күпісін айналдыра киген жалақ шұбар ыржия күліп жіберді. Іштеме болмағандай екеуі бірден жайраң қағады. Бірінікі шын, бірінікі күлгір жайраң екенін қонақ сезіп отыр. Олар қонақты көп уәкілдің бірі ғой деп отыр. Ғ.Мұст.~ … буылтықтанған шадыр саусақтарымен сауысқан құйрығындай ұзын, бурылдап қылау шалған шоқша сақалын салалады. Ғ.Біләл. * Төлес Әлмақан дуадақтайтеңкиіп, көпшікті шынтақтап жатыр. Қасында малдасын құрып отырған шоқшасақалды, тұйғындай Қуаңға ұзыннан ұзақ бір әңгімені сабақтап, айтады. Б.Алд. * Шоқша сақалын саусақтарымен тарамдап тұрған Әбіл шал сақманшыға қарады. А.Сатаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *