Posted in

ШОЛАҚ ҚАЙЫРДЫ

Қысқа айтты, тоқ етерін жеткізді. * Сибан, саған жаным ашымаса, қиналар ма едім, қиналғаннан баптап айтар сөзімді тіке айтып, шолақ қайырып отырмын. Сибан, бұған не айтасың? Ғ.Мүс. * Шәрбан оған қараған жоқ, балаларға қатал үнмен шолақ қайырып, айқын-айқын жарлық берді де, жүгіріп сервантқа келді. С.Шайм. * Сәуле ауыл туралы, ондағы жаңалықтар жайында көп жазатын. Ал мен болсам «өзің көрген жоқсың, қаланың жаңалықтарын қалай жазамынды» сылтау етіп, жауапты немқұрайды шолақ қайтарушы едім. С.Мұр. * Аттардың қан сорпасын шығарып таң атпай үйіне жеткен жігіт шешесіне болған жайды шолақ қайырып жеткізді де әкесінің қайқыбас төсегінің басында ілінулі тұрған киімдерін құшақтап сыртқа шыға жөнелді. Қ.Мүб. // КЕЛТЕ ҚАЙЫРДЫ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *