Елеген де жоқ; оп-оңай жеңді. ~ Шомбал қара бұдан әрі қымсынған жоқ. Қонағын шопақ құрлы көрместен жалшысына әмір еті: – Бар, қатындардың бірін шақыр. Мына балаға ас ауыз тигізсін, – деді де босағада кереге басында тұрған бөтелкемен айналысты. Ғ.Мұст. * Өз құлағына өзі сенбей көзін ашып еді, албасты қабаққа қарап басады, қызды шопақ құрлы көрмей қолтығына қысқан желаяқ дәу зымырай ұшып, тау асты. М.Қаб. * Әрбірден соң еті қызған құр айғыр өрістегі жылқының иісін сезіп жапан түзге салсын. Үстіндегі сегіз жасар баланы шопақ құрлы көрген жоқ. Қ.Ысқ. * Бұлқынған Шоқанды ол шопақ құрлы көрмей, тебінуіне, бетіне түкіруіне қарамай, есікке қарай жөнеле берді. С.Мұқан. * Бұларға күш керек, бірақ күш жұмсасаң бұлар төрт жолаушыны шопақ құрлы көрмей төртеуін де өлтіріп, аттарын да олжаланып меңіреу жаққа ақбөкендей ауып кетеді. Т.Әлімқ. * Байкенжинді тыңдамаған Бегей Ғалиевті тыңдар деп отырсыңдар ма? Дүйсенге бой бермейтін Белгілі Шойды шопақ құрлым көрер дейсіңдер ме? З.Қаб. * Ахан өкіметке де, қоғамға да қаламның құдіретімен үнсіз қарсылық жасамақ болып еді, бірақ жалпақ қазақтың өзін жатқызып қойып үтіктеп жатқан империялық өктемдік оны шопақ құрлы көрсін бе! .. Қ.Ысқ.
