1. Әбден шөліркеп, өзегі кепкен адамның армансыз сусындап, шөлін басуы туралы. * Өзі де сол аттың бауырына түсе еңкейген қалпымен, алақанымен көсіп-көсіп уысына ілінген суды ұрттап шөлін қандырған. О.Бөк. * Иен түзде жаяу қалған Малтакең етегіне малтығып, өкшесі тесіліп, кенезесі кесіліп жүріп, Жіңішкенің бойына жеткенде су ішіп, шөлін қандырады. Ғ.Біл. * Қожайын шаңқай түс бола зорға тұрады, одан жайланып отырып шай ішеді де, шөлі қанған соң тағы да өзінің фокусын бастайды. Чехов. 2. Аңсаған, құмартқан нәрсесіне қолы жетіп, көңілі жайланды д.м. * Ақын – елдің ақыны Оған қарауыл, керей деп екі араны бөлер деңгей жоқ. Халықтың шөлін қандырып, бас қосқан жиынның көркі болу, жаңа ән, жаңа сәнмен күйге қосу ақын парызы. С.Жүн. * Көптен бастары қосылмай ындыны кеуіп, «сусап» жүрген кәрілерге күні-түні шариғат айтып, шөлдерін қандырған. С.Жүн.
