1. Ерте көктемде әйелдер ағаш шөмішін есік алдына алып шығып, қағатын болған – бұл ақ мол, төл аман болсын деген ниетті білдіретін рәсім, ырым. * Балсары ауыз бөлмеде ыдыс-аяқтарды даңғыр-дұңғыр еткізіп шөмішті ала шықты. Үйді айнала жүріп: «сүт көп, көмір аз, сүт көп, көмір аз» деп ырым қып шөміш қақты. С.Мұрат. 2. Қысым көрді, есесін жегізді, біреуге тәуелді болып, жаутаң қақты. * Өлең дегеніміз – өмірден «шөміш қақты» көріп өскен егей баланың, езгі көрген елдің өксік, қамырығы, есерлікке бой ұрған ессіз ұлдың қарадай қасқыр соққан алкеуде әулекілігі … Ғ.Біл.
