Posted in

ШҮЙКЕДЕЙ КЕМПІР (ӘЙЕЛ)

* Айқайлап, шыңғырып жатқанда оянып кетеді. Шүйкедей кемпірі ол да селт ете оянып, шошынады. Қалай шошынбасын! Е.Айғ. * Сондықтан келіннің соғысқа үлес қосқаны дұрыс, – деп бір тоқтады да кеше осы орында мына шүйкедей кемпірдің ұлы отырғаны есіне түсіп дұрыстау жауап іздеп отыр еді. С.Досж. * Рас, ылғи да белі бүгіліп жүретін, ақсарғыш беті мыж-мыж, сәл көкшілдеу келген оң жақ көзінің тарыдай ағы бар, сол шүйкедей кемпірдің әмсе жанында жүру нәсібі бізге бұйырмаған. Д.Әш. * – Әй!.. Атаңның көрі… не дейді мына мұндар, а? -деді қара кісі сасқалақтап. Бұл ғұмырда шүйкедей әйел түгіл осы өңірдің не бір өр көкірек жігіттері де бұлайша бұның қаһарына қарсы келе бермеуші еді. Ә.Нұрп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *