Ұясына кіріңкірей, шүңірейген. * … адамзат ғұмырындағы барша таяздық иірімделіп, шүңет тартып, тайпақ аласалық атаулы іріленіп, басынан құс ұшып өте алмас үрейлі зеңгір жаламаға айналғандай, қауыз, қабық сынды жеңілдік ауырлап, ішіне дән тартып зілдене түскендей. Ғ.Біләл. * Алшынбай әңгімесінің тұсында Қарабас ауыз үйден қамыс тегенеге толтырып қымыз әкеп еді. Шүңет келген сырлы сары тегене. М.Әуез. * … Боранқұл қау тікендей қаулап өскен сақал-мұрт жауып алған қара қайыс жүзіне, ожар биік қабағының астына шүңет тартып, тереңнен сығалайтын қанталаған көзіне, қатулана түнерген ажарына қарап мөлтеңдеп, жанында тұрған сопа басты сұлу келіншекке қараған жоқ. Ғ.Біләл.
