Posted in

ШЫМЫЛДЫҒЫ ЖЕЛБІРЕП ТҰР

Күйеуге кеткелі отырған, не жаңа ғана келін боп түскен әйел туралы. * Сол шақта тепсеңдегі елден де хабар жетті: «Ұмсындық қызды күйеу жұрты алып-қашып кетіпті!» – деген. Бұл хабарға онша да таң қалмаған-ды, өзі де шымылдығы желбіреп тұрған бойжеткеннің ерте жарықта кеткені де дұрыс шығар деп түйген. Ш.Құм. ~ – Қандай ақымақ болғанбыз! – деп күлетінбіз. – Дариға жеңгеміздің ақ шы­мыл­дығы желбіреп тұрған кезі еді ғой! Нұр­ағаңның «әй, күшіктер!» деге­ні – үй­ леріңе қайтпайсыңдар ма дегені екен-ау! Ә.Тар. * «Ал тездетейік» деп сағатына қарағыштап Тегешбай ағамыз тызақтайды. «Ау, қайда асығасыз. Құдайға шүкір, үйдегі жеңгей шымылдығы желбіреп, кеше түскен келіншек емес қой» дейміз әзілдеп. Ә.Ізбай. * Мәселен, біздің ауылда Іңкәшай деген жақын жеңгеміз де бүгін келін боп түсіп, ертеңіне ағамыз соғысқа аттанып кетті. Шымылдығы желбіреп жас қалды. Өле-өлгенше ерінің жолын тосумен өтті, жарықтық… М.Жолд. * Шымылдығы желбіреп отырған Уәсиласы түскір Әлиге айтпай ауданға барыпты. Отан үшін жанын да, тәнін де аямаған еріне қызмет сұрапты. Р.От.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *