Мал ізін суытпай соңынан барар жан болса, терісітүгіл сүйегін таба алмай, істі насырға шаптырса, бір қағаберісте, не қайтар жолда сыбағасын алады. Онда да ешкімге із-түзін білдірмейді. С.Жүн.
Асыққаның сонша, бірінен кейін бірі келіп жататынпоездардың өзіңе ыңғайлысын да күтпестен, ыңғайы келген біріне отырдың да, ешкімге із-түзіңді білдірмей тартып тұрдың. Ә.Нұрп.
— Қанеке! Сізді қоймастан сұрап алдық қой. Кәрібайбишара, бірсыпыра отырып, із-түзін қалдырмай кетті. Ғ.Мұст.
Бұндай шаруаның талайын із-тұзын білдірмейістеп, әбден кәнігіленіп алған жырынды көпес ұзақ жолға жүрер алдында әйелінің көңіліне сезік туғызғысы келмеді де, әлгі қызды Курнос Иванға алып берді. Ә.Нұрп. * Сосын тон киген ауыр денесі ат үстінде шайқалақтап келе жатып: «Қап, не қыласын» деді тағы да ішінен, «із-тұзын білдірмей, алысқа көз асырып жібергенде әлде қайтер еді». Ә.Нұрп.
Он жігіт… Он жігіт ойынан кетпейді. Бір күн ішіндеіз-тұзын аңғартпай, зым-зия жоқ болды. Қайда кетті? Не тындыруға кетті? Ә.Нұрп.