Posted in

САНАСЫН ОЯТТЫ

Ақыл-ойының дамуына түрткі бодды, дүние танымын кеңейтті. ~ Ендеше, тарихын танытам, еңсесін көтеріп, елдік санасын оятам деп жүрген сенікі бос әурешілік қана емес, есалаң ақымақтық. М.Мағ. 6 — Сендер халықтың санасын ояту үшін еңбек етіп жүрсіңдер. Сендер айтқан келелі әңгімеден кейін, санасы оянған ағаларыңның бірі мен деп білерсіңдер, қарақтарым. Сол еді айтайын дегенім. Т.Әбд. ~ — Біздің Мешпет сауық- сайраннан ат-тонын ала қашушы еді. Әсетжан, әнің шын-ақ құдіретін танытты. Жүрегін жібітіп, санасын ояттың-ау бір… Қ.Тол.

Posted in

САН ЖЕТПЕС (ЖЕТПЕЙДІ)

~ Ақтөс бірде қарсы беткейдегі қаптай жайылып жүрген сан жетпес қар сияқты ақ түстес хайуандарды көріп таңғалған. К.Сег. ~ Өзінің Мұртазасы да кебенек киіп кеткен. Бірақ келгені қайда? Қалды ғой шексіз Сібірдің бір түкпірінде. Сүйегін қайдан іздерсің?! Сан жетпес қарағайдың қайсысының түбінде қалды? Ш.Мұр. ~ Ал, ол өріс болса бәріне әсер ете алады. Бәрінің тағдыры соның қолында. Соның жасампаздығынан сан жетпес физикалық формалар өмірге келген. Бұл өрісті Планк Сана деп отыр. С.Ел. ~ Балуан күресіне де, айтысқан ақындарға да, жамбы ататын мергендерге де тіккен жүлделеріне сан жетпейді, шама жетсе бақ сынап көріңдер… Б.Тоғ.

Posted in

САНАСЫН САРСАҢҒА САЛДЫ

Неше түрлі ойға беріліп, басы қатты. ~ Қайта санасын сарсаңға салып, қиялын сандалтқан ой ағыны тентек толқындай ереуілдеп өршелене түседі. Шіркіннің сабасына түсіп саябырситын кезі болсашы! Ө.Кәр.

Posted in

САН КӨБЕЙТТІ

Пәлендей пайдасы болмаса да, адам қарасын арттыру үшін қосылды. * Қасында осы Жігітектің ауылнайы, о да ожар, даңғой, ақылсыз Жігітек Дүйсен бар. Екеуі сан көбейту үшін атқосшы қып үнсіз жігіт Сәлменді ертіп апты. М.Әу.

Posted in

САНАСЫН САРСЫЛТТЫ

Ойын сан-саққа жүгіртіп, әуре болды. ~ Сонда Жасынның үш жыл бойы санасын сарсылтып ойлаған ойлары, жасаған образдары, фантазиясы мен философиясы сөз етуге тұрмайтын болғаны ма? Д.Ис. ~ Мен оны бостандығынан айырдым ғой. Ішінде шырмауықтай шарпысып, санасын сарсылтқан, миын жеген сергелдең ой аз емес шығар. Д.Ис. ~ Үйді үйге кіріп сұраудың да ретін таппады. Не деп барады, ұят емес пе, әрі ол біреудің үйіне бара қоятын бала емес қой. Ойы сан-саққа жүгіріп, санасын әбден сарсылтты. Д.Рам.

Posted in

САН ҚИЛЫ

Түрлі-түрлі, неше қилы. ~ Үшбастың сан қилы сотанақ қылығы зәрезеп еткен менің өзіме қос көрініпті. М.Қаб. ~ Сол сұрапыл ұрыстың сан қилы суреттері көшкен бұлттай тізбектеліп көз алдына келе бастады… С.Ом.

Posted in

САНАСЫНА СІҢІРДІ

Үйретті, оқытты, миына құйды. ~ 1922 жылы Орынборда Мағжанның «Педагогика» оқулығы басылып шықты. Қазақ зиялыларының басын қосқан, ерекше орта қалыптастырған осындай институтта оқудың өзі мақтаныш дегенді Мурзин оқушыларының санасына сіңіріп-ақ келеді. А.Жақс. ~ Қайткенмен, Науан хазірет халқымыздың тарихынан өзінің ұлағатты ұстаздық орнын алып, қабырғалы қайраткер, қажырлы күрескер ретінде ұрпақ санасына сіңірілуі шарт. С.Ақт.

Posted in

САН ҚҰБЫЛТТЫ

Неше түрлі сипатқа салды. * Мержанов енді үн қатпастан ұзын мұрнын бұралап, ернін шүршитіп, жүзін сан құбылтты. А.Нұрм. * Шамасы сұлу келіншек алдында өзін көрсеткісі келсе керек, даусын қисса оқығандай сан құбылтып жіберді. Б.Тоғ. * Өзінін әдетіндегі әнді сан құбылта, кей жерін өз нақышына бағындырып өзгерте айтып бір тынды. С.Бег.

Posted in

САМАЛАДАЙ САП ТҮЗЕДІ

Тізіліп тұра қалды. ~ Жіңішке жалғыз аяқ жол бір жерді сан орап қайталап, ирелеңдей созылып, қытығыңа тисе, самаладай сап түзеген егіз қайыңдар бас айналдырады. О.Бөк. ~ Төменіректе борықтай аппақ қайыңдар. Аппақ қайыңдар көз жауын алып, самаладай сап түзей қалыпты. Ә.Асқ.