Posted in

ҮП ЕТКЕН ЖЕЛ ЛЕБІ (ЖЕЛ, ЛЕБ) ЖОҚ (БІЛІНБЕЙДІ)

Ауа райының желсіз, тымырсық кезі. Тау мен сай жым-жырт. Үп еткен жел лебі де жоқ. М.Әу. Жігіттер қонақ кәдесін жасап ауыл сыртына шықты. Он төртінде туған ай сүттей жарық, түн маужыраптұр. Үп еткен жел лебі білінбейді. З.Шүк. Күн оқыс жылып кеткендей. Үп еткен жел жоқ. М.Мағау. Қыз жерден басын көтеріп жол жаққа көз тастады: етектен ұшар биікке дейін аш ішектей қырық бұралаиіріліп жатқан үлкен жолда иіріліп шаң ғана қалыпты, үп еткен жел де жоқ болса керек-ті. Қ.Ысқ. * Белден аса беріп алдымнан далалық кішкентай ғана айна көл көрдім. Шынында да айнадай. Өйткені үп еткен жел жоқ. Б.Қыд. Арбаны жол жиегіндегі күншуаққа қойып, Бахтияр орындыққа келіп отырды. Үп еткен леб жоқ, тымық. Т.Сәук.

Posted in

ҮРЕЙІН ҰШЫРДЫ

* Оның «Қожанияз сатылып кетті», «Ма Жұңиың таяқ жеді» дегенінің де өзіндік мәні бар. Алғашында Қожанияз бен Ма Жұңиың бірігіп Жин Шурын үкіметінің үрейін ұшырған еді. Ж.Ш.

Posted in

ҮПІСІ ҰШТЫ

~ Жарайды, расчеттарың туралы мен байға сөйлесейін!—деп телефонды ала бергенде, Мәмбет доверенныйды итеріп қалды да қанжарын суырып, алып, телефонды қырқып тастады. Доверенный қалшылдап, үпісі ұшып кетті. І.Жанс.

Posted in

ҮПТЕП КЕТТІ

— Қайдан білдің, әй? — деп анау саңқылдап күлді. — Үйіңді біреу үптеп кетсе де аңғарар емессің ғой, жаныңакелгенімді де сезбедің. Н.Сер. … тығулы жатқан қымбатты қазынасы – жан серігі Ақшолақ атандырған қанды ауыз мылтығын бүкіл оқ-дәрісімен қоса үптеп кеткені. К.Сег. Жаны ашығансып, бетіме бірер минут мүсіркей қарады. Мен оған босаңси қойғаным жоқ. Өтірік жаны ашыпжүріп үптеп кететін Үшбастың сырын кім білмейді! М.Қаб. – Кітапхана дегенде, оның ішінде барын ана жылдары кім көрінген үптеп кетпеді ме. Н.Дәу. Қолды болды, сыпырып әкетті. Жаны ашығансып, бетіме бірер минут мүсіркей қарады. Мен оған босаңси қойғаным жоқ. Өтірік жаны ашыпжүріп үптеп кететін Үшбастың сырын кім білмейді! М.Қаб. – Кітапхана дегенде, оның ішінде барын ана жылдары кім көрінген үптеп кетпеді ме. Мәдениет Үйлерініңқаншасының қолды болып, шайхана, астық қоймасына айналып кеткенін дәл біле алмаймын, айналайын. Н.Дәут. Амал не, жаныңды жалғыз сәтте жаһаннамға жібере салатын дүлей дұшпанның аруақ-айбаты, қуат-пірібұған келгенде, абыройдан айырылып адыра қалды. Әйтеуір, тіктеп келген кім де екі бүктеп, үптеп кете алмады… Н.Дәут. Ханзада жанарын жапқан алақанды сыртынан сипалап: — Дәуде болсаң Нұркүлсің ғой, — деді. — Қайдан білдің, әй? — деп анау саңқылдап күлді. — Үйіңді біреу үптеп кетсе де аңғарар емессің ғой, жаныңа келгенімді де сезбедің. Н.Сер. … тығулы жатқан қымбатты қазынасы – жан серігі Ақшолақ атандырған қанды ауыз мылтығын бүкілоқ-дәрісімен қоса үптеп кеткені. К.Сег.

Posted in

ҮРЕРГЕ ИТІ, СЫҒАРҒА БИТІ ЖОҚ

Шектен шыққан кедейлік; ішерге асы, киерге киімі жоқ; тақыр кедей. * – Тентектің жазасын өзі берсін деп саған әкелдім.–Үрерге иті, сығарға биті жоқ бұл бейшараға не билік жүрсін. Билік өзіңізден, үкірдай! Ж.Шәке. * Жоңғарларға телім болып, басыбайлыққа көнер күн туса үрерге иті, сығарға биті қалмай тоналар, тақыр жерге отырар… Ғ.Біл. ~ ~ Менің түрім мынау, — деді Тақатар үсті-басын көрсетіп, жасын сүртіп, — «үрерге — ит, сығарға — бит жоқ» дейтін кісің менмін. Балық болмаса аштан өлетін қалпым бар. Мен ғана емес, балықшылардың бәрі де. Нәсіпті көлден тілеп, «аштан өлмей, көштен қалмай» дегеннің кебін киіп жүріп жатырмыз шырағым. Ендігі тілегім, — өзің атын қойған сәбиім. Тәңірі, ылайымда, мен көрмеген жақсылықты соған көрсетсін. С.Мұқ.

Posted in

ҮР ЖАЛАҢАШ

* Бұралаң тағдыры сол бір түннен басталды ғой. Қарғыс таңбасы басылған қаралы түн! Көзін ашса, үр жалаңаш, шалдың қойнында жатыр. Т.Сәу. * Жігіттер үр жалаңаш шешініп тастады. Т.Сәу.

Posted in

ҮРИТ, СОҚ-СОҚ!

Айтақтау, біріне-бірін итеріп салу ұраны. Олай болса мінекей, ұр тоқпағым тоқ-тоқ! Айыптыға шоқ-шоқ! Бір бай мен бір батыр. Бір ісек, бір қошқар! Бір теке, бір серке! Жекпе-жек, жек-жек, түрт сайтан, түрт! Үрит соқ-соқ, үрит соқ-соқ!.. М.Әу. Шетінен пысық, оқуды жақсы оқиды. Жұмысты жалмап жібереді. Так что, сенімен ұстасқан Сәрәлің дүмдіжігіт, анау-мынауыңа бой бермейді.— Кезекті үрит, соқ-соқтың шетін тағы қылтитты. М.Қаб. Орда хандары қол астындағы елді іштен ірітіп, бір-біріне үрит соқтаған аяр саясат ұстаған жоқ. Батуданқалған үрдіс бойынша, қайта олардың байып, көркеюіне ықпал жасады. Т.Сәу.

Posted in

ҮР ЖАҢА

Жап-жаңа. Жоқты жонып табамысың, ауданда тұратын сауда танысым бар еді, осы күзде соған әке-көке деп, үр жаңақара тон сатып алғамын, амал жоқ, алтыншының орнына соны салдым. М.Қаб. Әбдірак байғұс үр жаңа бір етік тіктіріп алған екен, Әбді қағынғыр барыпты да, етігін киіп кетіпті. Б.Майл.

Posted in

ҮРІККЕН ЖЫЛҚЫДАЙ

~ Серіктікке де, артельге де кірген емес. Қимайтындай дәулеті жоқ. Үріккен жылқыдай неге одағайлап жүргені бір өзіне аян. Т.Әбд. ~ Біз өз қызығымыз өзімізге жетіп жатқасын еш нәрсені байқамай қалыппыз. Айқай — шу, бақырған дауыстар жамыраса қалың жұрт үріккен жылқыдай дүрлігіп жүр. Т.Ахт.