Posted in

ЫДЫС-АЯҚ СЫҢҒЫРЛАДЫ

Жұбайлар арасында келіспеушілік пайда болып, ұрыс-керіс шықты. ~ Әсіресе, өнер адамдарына қатал болмасаң, болмайды. Оларға еркіндік керек. Қатал болдым мен. Отбасымда ыдыс-аяқ сыңғырлады, мінезім бар. Мен періште емеспін. Мүмкін жаман шығармын", — деген ол қазіргі күні бұрынғы жұбайларына тек қана амандық тілейтінін мәлім етті. БАҚ.

Posted in

ЫЗА (ЫЗА-КЕК) КЕРНЕДІ

* Осы тұрысында бойын ақ халат киген қызметкерді сабап тастайтындай ыза кернеген. Ж.Шамұратова. * Тұла бойын ыза-кек кернеп, өзегін өкініш оты өртеп бара жатса да, берілгендіктің белгісі ретінде амалсыздан оң қолына қыса ұстаған алмас қылышын үн-түнсіз төмен түсіре берді. Д.Рамаз.

Posted in

ЫЗА БУДЫ

~ Сырт көз басқа адамдар Халиманың жабырқап, ыза буып, ашу үстінде тұрғанын тіпті де аңғара алмайтынына менің күмәнім жоқ. З.Нұрт. ~ Е-хе! – Иван таңырқай қарады. — Сен не оттап тұрсың?! Иттен туып, іннен шыққан хайуан! Өлексе… — деп Ваня-кочегарды ыза буды. — Ит ұрламаймын дейді, ей, мына баран. А.Алт.

Posted in

ЫҒЫНА ЕСТІ

~ «Жатқан жыланның құйрығын басып, қарадай шошытып не жыным бар», — деп іштей қапалық жеді. «Өзім білемін» деп бетпақ бәлеқор кісілермен өжеңдесіп өшіктіре бергенше лауазымды адамды жағалап, соның ығына есіп, неге пана тұтып жүрмеймін? Д.Дос. ~ Өзге қатарларына ұқсап — мәртебелі лауазым биігінде отырған жерлестері мен елдестерін паналап, солардың ығына есіп, біреуінің өзін, келесінің сөзін өтірік мақтап жүріп, баспалдақ етіп, биіктеп кетуді білмеді; таяқ жұтқан кісі секілденіп тікшиген қалпы жүремін деп «бірмойын, өзімшіл» деген жаман ат жамады. Д.Дос.

Posted in

ЫҒЫНА ЖЫҒЫЛДЫ

Біреудің айтқанына келісе кетті, ыңғайына көшті. ~ — Ендеше мен ауданға аттанам. — Өзің біл, өзің біл, — деп Шайқы шал тағы ығына жығылды. — Бірақ оларды ертең қалага жүргізеді деген. К.Жүн. ~ Киевте наразылар билікті "Ресейдің ығына жығылды" деп айыптады. БАҚ. ~ Бірақ, сығыр болғанда теріс азу Нұрмамбет өз дегенінен әлі қайта қоймаған екен. Әйтек батыр, сен «қараға бас болған пан ханға нөкер» дегендей Жарылғап досыңның, ығына жығылатынын баяғыдан белгілі. Тамаққа тойса ашуы басылатын адам құн дауын дауламайды. Ж.Ахм. ~ Үздіктіре баурап алған сиқырлы сағымның не екенін жыға таный алмаса да, қарсылықсыз мойын ұсынып, ығына жығылады. Содан бермен шарасы тау- сылған бір дәрменсіздікке бой алдырған. С.Үс.

Posted in

ЫҒЫР ҚЫЛДЫ (БОЛДЫ)

Мазасын кетірді, шаршатты. ~ Қала үсті құзғын қарғаға толды. Қанаттарын сабалап, адамдардың мына ісіне ішек-сілелері қатып күлгендей үсті-үстіне қарқылдап, құлақты ығыр қылды. Ә.Кек. ~ Бірақ, әйтеуір, кеше ел шауып ығыр қып отырған Құнанбай өз ықтиярынсыз дуанға шақыртылып кетіп отыр. М.Әуез. ~ Адамды әбден ығыр қылатын, мазаңды алып, жүйкеңді жұқартатын ақ жауын. Ә.Асқ. ~ Қыстай неше түрлі шығыннан ел ығыр болды. Б.Қыд.

Posted in

ЫҒЫН ЕСТІ

Сүйемелдеді, қолтықтады, көмектесті. * Сәламат, Дастан, Сәруар тірі жүрсең, Жылатпа жетімдердің ығын есіп. Сендер де көзін алған көбелектей, Қалдыңдар қайғы суын белден кешіп. ? * Ол ешкімнің айтқанына көніп, ығын еспей, қызметінен өзі арыз жазып кетті. Қ.Мырзахмет.

Posted in

ЫҒЫН КЕЛТІРЕ АЛМАДЫ

Ретін таппады, ыңғайын білмеді. ~ Мағрипа, Қанаттан именіп, тартынса да шалына қалай тисердің ығын келтіре алмай, бірде жадырап, біресе қанын ішіне тартып, сұрланып отыр. Тілінің желі бар, қаншымақтап сөйлейтін кемпірдің сыры өзіне мәлім. Т.Рыс.