Posted in

САҚАДАЙ САЙ

Мұздай қаруланып дайын тұр. ~  Сірә, жағдайды ушықтырмау үшін оларға тек бақылап-байқап тұру міндеті жүктелген болу керек. Әйтсе де бәрі сақадай сай: қолдарында резеңке таяқ, шағын қалқандарын білектеріне іліп алған. Б.Нұрж. ~ Халықты иiрген отардай қыспаққа алыпты. Олардың бер жағында – милициялар. Бұлар да бес қаруын сайлап, сақадай сай.

Қабақтары түксиiп, жау түсiруге дайын. Ә.Ыб. ~  Сірә, жағдайды ушықтырмау үшін оларға тек бақылап-байқап тұру міндеті жүктелген болу керек. Әйтсе де бәрі сақадай сай: қолдарында резеңке таяқ, шағын қалқандарын білектеріне іліп алған.

Б.Тоғ. ~ …атакаға шығар кісідей қолындағы туды жоғары сілкіп көтеріп, егіннің шетінде сақадай сай тұрған комбайнның жақтауына апарып қадады. О.Сәрс. ~ Барлық қажетті құрал-жабдықтармен, арнайы үйретілген иттермен қосып, Бурахан секілді жиырма шақты жас офицер күн бесінге ауа сақадай сай тұрды. А.Алт.

Posted in

АҚА АЙҒЫР

Әккі айғыр. ~ Жарамас балуан жауға, ақын дауға, Өлеңнен сұрамаспын сенен сауға. «Бәйгі алмас байтал озып» деген сөз бар, Сақа айғыр ап жүрмесін омырауға. Үмбетәлі («Айтыс») ~ — Солайы солай ау!Бірақ, кеше таңертен үйірбасы жалғыз келді. Біреу мінгенге ұқсайды. Сақа айғыр еді. Үйірінен адаспаса керек-ті. Бізді осы ой мазалап тұр, — деді Мұқсиын ақсақал. Ж.Баш. ~ Байталдарды тұмса ләззатқа қарық қылған сақа айғыр үйіріне жауша тиген бөтен адаммен қайтпай шайқасты. Ө.Кәр.

Posted in

САҚ КЕТТІ  

Еңбегі еш болды. ~ Отырғызған ағаштары суғарылып күтілмегендіктен қурап, жерін арам шөп, қурай басып, қалып қойды. Шалдың азын-аулақ сіңірген еңбегі сақ кетті. Б.Соқ.

Posted in

САЙЫП КЕЛГЕНДЕ

Тоқетерін айтқанда; жеме-жемге келгенде. ~ Сайып келгенде, қазақта қалып түрған өзгеше мінездер: тілі айтқанды қолы қылмайтын түрақсыздық, үйымсыздық, басынан аспайтын өзімшілдік, ездік. Ж.Айм. ~ Бұлар ғана емес, сайып келгенде, «Абайдағы» күллі кейіпкердің күллі сезімі мен сыры, ақылы мен ойы, парасаты мен философиясы – бәрі Мұхтардікі. З.Қаб. ~ Сайып келгенде Ноғайқұлдан кейінгі мықты өзі боп шыға келеді. Екеуі осы сапарында қаладан көңілді қайтты. Екеуінің де қоржыны тоқ. Жолай келе жатып Арыс бойындағы баяғы Шұбарға соқты. Т.Әл.

Posted in

САЙЫН ДАЛА

Ұшы-қиыры жоқ иен дала. ~ Сарыарқа сайын дала — жер кiндiгi, Баянды Байтағымен елдiң күнi. Қазағым, көш көлiктi болсын

ендi, Көтерген жолда қалмас Нардың жүгi!.. Н.Айт. ~ Тынысы кең сайын дала мен ауасынан саумал аңқыған қайран жайлау

көзден бұл-бұл ұшып, табиғатына туыс кәсібі малшылықтан да қол үзіп, жарға қамалғандай күй кешіп жүргенде мына жағдай

еңсесін езіп-ақ жіберді. З.Төл. ~  Батыры бiр оқтық, малы бiр жұттық болып, жиi-жиi ел iргесi сөгiле берген соң халық үнемi

жаңа қоныс iздеп, сайын даланың сахара шөлiне қарай ығысып, бiрте-бiрте салт-дәстүрiнен де, ұлттық болмысынан да ажырап, азып-тоза бастапты. Ә.Сал.

Posted in

САЙТАНЫН ҚАҚТЫ (ҚАҒЫП АЛДЫ)

Жынын басты, екпінін тыйды, сазайын берді. ~ Жылқы екеш жылқы да жалғыздықтан жынданады екен.

Мырзекең жирен қасқаның сайтанын қаға алмай- ақ қойды. Қ.Ысқ. ~ Өзіміздің аулымызда болса, бастықтың шешесі түгілі онан зор болса да сайтанын қағып алар ек, әттең, амал қанша. Есем кеткендей боп отырдым-ау…— Қатша сөзін соншалық бір тістеніп сөйлеген. С.Мұр. ~ Егерде айтып кетсем айтарымды, Ақылым арнасына қайта кірді. Қынынан қылышымды алам онда, Қағамын албастынды, сайтанынды! М.Мақ.

Posted in

САЙТАНЫ ҰСТАДЫ

Әлденеге жыны келіп, ашу шақырды. ~ Тағы сайтаның ұстап отыр ғой. Өлмейсің, жасымыз, қайратымыз сенсің. Өз малың, сергек отыр. Ұйықтама, — деп кете береді. М.Әу. ~ Әкем үнсіз, жауап берер жағдайда емес, сайтаны ұстап, іштей буырқанып– ақ келеді. Ә.Асқ. ~ Жербайдың сайтаны ұстап кетті. «Слушай, сонда не. Сонда мен сенен әдебиетті кем білем бе?!» деген үрген беті талаурап. Н.Дәу.

САЙТАНЫ ҰСТАДЫ

Жыны келді: арқасы қозды; ашу шақырды. ~ Әкем үнсіз, жауап берер жағдайда емес, сайтаны ұстап, іштей буырқанып – ақ

келеді. Ә.Асқ. ~ Жербайдың сайтаны ұстап кетті. «Слушай, сонда не. Сонда мен сенен әдебиетті кем білем бе?!» деген үрген беті талаурап. Н.Дәу.

Posted in

САЙТАННЫҢ САПАЛАҒЫ

Сайтан неме, сұмырай, жексұрын д.м. ~ Солардың оң жағынан шыға білмесең егеу түгіл сайтанның сапалағы да жоқ. Хош, егеу қолға тиді. М.Қаб. ~ Мен сендей сайтанның сапалағын бiр-ақ ұйпап жоқ қыла саламын! Көзiңдi ашып қара, бастықтың баласы болсаң – өзiңе! Тiрi тұрып ешкiмге намысымды таптатпаймын! Ә.Ыб. ~ Бір ғажабы – ешкім бұған күлген де жоқ, күңкілдескен де жоқ. Едіге осыған риза болды. Әйтпесе, біреуі тұрып: Әй, шал, миды қатырма, сайтанның сапалағы, сен қайдан шыққан молдасың? Ш.Айт.

Posted in

САЙТАНДАЙ (ШАЙТАНДАЙ) САП ЕТТІ

Оқыстан пайда болды, күтпеген жерден сау етіп келіп қалды. ~ Соңынан іздеп шыққан бір балам «жоқ» деп келді. Бір күдік

сайтандай сап етті. Жүгіріп іргелес тұрған кілет үйге жетіп барсам… – деп Хамила жылап жіберді. Ғ.Біл. ~ Кезеуілші жау іздеген жасақтар кездесуі мүмкін.  Әуелі жаратқан құдай, сосын әулиеге, пір Бекетке сыйынып, тарта бер. Сайтандай сап

етіп, айшылық жерден торғауыт құба қалмақ жортуылдайтыны болады. А.Кем. ~ Тек қорқыныш қалған көңілде! «Ойбай, бұл жатысым не жатыс? Қазір тағы да шайтандай сап ете түссе қайтем?»  Т.Сәу.