Posted in

САБАҚТЫ ЖІП БҰЙЫРМАДЫ

Түк тимеді, құр қол қайтты. ~ Мұның қадірін білетін Көбен бай бар ма, көк аттың бәйгесіне алған қыруар сый-сияпаттан

Шақабайға сабақты жіп бұйырмайды. «Қазақ Ерт.» ~ Өтті ақын… өмірін өзіне абақты қып, Бұйырмай ен байлықтан сабақты жіп. Баспана-үй, ұлтарақтай жер де бермей, Итіне оны талай талатты ұлық! Б.Ахм.

Posted in

САБАҚТЫ ЖІП

Болмашы, түкке тұрғысыз нәрсе д.м. * Ол кiсi қайта «текенi жезде, ешкiнi апа» деп жүрiп, жауын-жауынның арасымен

халқына сабақты жiп болса да пайда келтiруге тырысты. Т.Сәу. * Жаз шықса ішкі жаққа сал айдауға кететін, бірақ одан

сабақты жіп кірген емес.  Қ.Ысқ. * Бірақ одан  ғылымға сабақты жіп пайда бар ма келіп-кетер? Т.Сәу. * Өзің барыңдағыңнан

бұзбаған едім, бұзбай кеттім,— деп он екі жасар қызын жетектеп, жылап шығып кетіпті. Үйінен сабақты жіп алмапты, «бәрі серінің өзі барындағыдай тұрсын» депті десер еді, ауылдағылар.  Б.Қыд.

Posted in

САБАҚ ПЫСЫҚТАДЫ

Өткен тақырыпты қайталап оқыды, үй тапсырмасын орындады. ~ Үй жинастыршы, күнім. — Сабақ пысықтап жатырмын.

Ө.Ахм. ~ Сабақ барысында “Wordwall” платформасымен өткен сабақтарды пысықтады. БАҚ.

Posted in

САБАҚ ҚЫЛДЫ  

Басқаларға өнеге етті. ~ Егер Дөңбаевтың күдікті ойы болмаса, бұл хатты оқушылар алдында талқылар еді, барлық балаға сабақ қылып, көзін шұқып айтар еді. Н.Сер. ~ Көнбеген кей қазаққа «сабақ қылды» – Көйлегін түргізді де сабаттырды. I.Мәмб.

Posted in

САБАҚ КЕСТЕСІ

Пәндердің өткізілетін тәртібі. ~ Тіпті сабақ кестесін көруге мүмкіндік болмай, кешегі кітап-дәптерлерімді сол қалпында қайта

арқалап кете беретін кездерім көп болатын. С.Досж. ~ Қай аудитория, сағат қаншада деп сұрағаныммен қазір маған жауап

беретін жағдайда емессіз, сондықтан былай келісейік: мен ертең аудиторияларыңызды сабақ кестесінен тауып алып, үзілісте дәл сол аудиторияның есігінің алдында күтейін.  Д.Ис.

Posted in

САБАҚ БОЛСЫН

Ой салсын, шалыс басудан сақтандырсын, өмірлік өнеге болсын д.м. ~ Бізге сабақ болсын дей ме, әулетіміздің аяулы аналары, аталары туралы көбірек тоқталатын. Ы.Дәб. ~ Жоқ, малды ертең орнына қоярсыңдар, менің сендерге бұрын айтпаған, басымнан кешкен уақиғаны осы қазір сендерге айтып бермесем болмайды,бір жағы сабақ болсын. Дастарханға сусын әкеліп қойсын келін,бұл әңгіме де жеңіл емес – деді Нәлібай. К.Өтж. ~ Бәйкенді сыйлағандықтан кешемін. Қызметіңнен де түсірмеймін. Осы ескерту саған сабақ болсын. Бірер күн тынық. Сосын қару-жарағыңды ал да, бұрынғы күзетіңе тұр. Б.Тоғ. ~ Кешiр, жаным! Жаратқанның саған жолықтырғанына еш өкпе артпаймын! «Сабақ болсын!» деген шығар. Ешкiмдi кiнәлағым келiп тұрған жоқ. Саған ғана аздаған өкпем бар!.. Ол түсінікті шығар!.. Д.Рам.

Posted in

САБАҚ БЕРДІ

Оқу оқытты, дәріс берді, үйретті.  ~ Әйтеуір он кластық білімім бар ғой. Әуелі колхозда есепші болдым. Содан бастауыш класқа сабақ та бердім. Жеткіздім, адам еттім. С.Шай. ~ Жұмабай сабақ беріп тұрып та насыбай ата береді. Б.Соқ.

Posted in

САБАДАЙ ПІСІП, АЙРАНДАЙ ҰЙЫТТЫ

Тыңдаушысын баурап алды. ~ Әлдекім екенін Сатан қайдан білсін, бір қағыңғыр әнші боздатып отыр. Олар жұрт көңілін сабадай пісіп, айрандай ұйытады. Мұңды қозғап, зарды төгіп, тұңғиық терең қараңғыны одан әрмен тербеткендей. І.Жанс.

Posted in

ОРНЫНАН ТҮСТІ (КЕТТІ)

Қызметінен босатылды. * Соның алдында ғана аудандық милиция бастығы орнынан түскен еді. Ефимов маған соның орнын ұсынды. Ә.Нұрш. * Ары қарай да осылай бола береріне еш күмәні жоқ еді, алшаң-алшаң басқан ай мен күннің аманында институттың ректоры орнынан кетіп, басқасы келіп, оқу орнының астаң-кестеңі шыққан. Н.Дәу.

Posted in

ОРНЫНАН АЛЫНДЫ (АЛДЫ)

Қорабектің орнынан алынуына кім қарсы, қол көтеріңдер. Біреу, екеу, үшеу. Ш.Мұр. ~ 1073-ші полктың командирі майор Елинді орнынан алып тастады да, мені командир етіп тағайындады. Ә.Нұрш.