Он екі атадан қосылатын рулар. ~ — Он екі ата Қараул, сегіз ата Дәуіт ек, — деді Балуан Шолаққа, бұл жиынды басқарушылар,— елдің аруағын көтергеніңе риза боп, бүгін саған дәм татырып, қонақасы берейік деп ек: атыңды естіп, жүзіңді көруге құмар ек, міне бүгін көрдік. С.Мұқ. * КӘЛІМ: Самай келмесе шіренетін жөні бар. Арғы бетте құдандалы жекжаты, арқа сүйер он екі ата Абақтар отырған жоқ па! Қ.Ысқ. ~ Астың күні жеткенде, Бәйбішелер байсалды Бай асына саба артты. Алшын, Жаппас, көп Шекті Он екі ата Байұлы Жолдың шаңын боратты. Н.Байғанин
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ОН ЕКІ АЛУАН
Неге түрлі. ~ Домбырам екі ішекті қолға алайын, Түрленіп он екі алуан ән салайын. Баласы жүйрік айғыр атқа ұқсайды,
Мен неғып бұл өнерден құр қалайын, — деп, домбыраның төменгі шегін дың еткізіп, кілт тоқтады. А.Жақс.
ОН БЕСТЕГІ АЙ
Толған ай. ~ Талпынып он бестегі айға көңіл, Ән еді Ақан салған «Майда қоңыр». Т.Әл.
ОМЫРЫЛА ҚҰЛАДЫ
Бүкіл болмысымен, түп-тамырымен, жапырыла құлады; түгі қалмады, ойсырай жеңілді. ~ Бір заманда, бәлкім, су деңгейі астыда, аркан бойы төменде ғана тұрғанда қақ ортаға бірнеше түп қатын сексеуіл біткен екен, жер астындағы су біржола қашқан соң ол да аптапқа шыдамай, тұқым-тұяғымен омырыла құлапты… М.Мағ. * Бірақ ол өмірдің бір қалыпта тұрмасын сезсе де, нақақ қандардың киесі ұрған рақымсыз империяның арада не бәрі жарты ғасыр өтпей омырыла құлайтынын, қазақтың тәуелсіз ел болатынын, өздерінен гөрі
тәлім-тәжірибесі мол, азат ұрпақ бақытсыз аталарын кінәламай, тарих тозаңынан тазартып алатынын білген жоқ. Қ.Жұм. ~ Нөсер бағанағыдан да қатты. Ағаш іші енді алаңқы жердей тасырлап кетті. Омырыла құлаған құз-жартастай төніп келген қошқыл бұлт арасынан құлақты жарып жіберердей шатыр-шұтыр етіл от жарқылдайды. С.Жүн. ~ Тіпті күш ала алмағасын қаз-қатар отыра қалып‚ жарыққа салмақ салған кезде‚ әжептәуір жар жиегі омырыла құлады. А.Алт. ~ Жас баладай апыл-тапыл басқаны аңғарылды, дiзесi дiрiлдей адымдағаны бiлiндi. Сөйткенше-ақ, кескен теректей қайтадан омырыла құлады. Ә.Ыб.
ОМЫРТҚАСЫНА ЖАБЫСҚАН
Тым арық, құр сүйегі қалған д.м. ~ — Басың қатты– ей, сенің! — деп, омыртқасына жабысқан аш құрсағын қос алақанымен басып, Колька жыламсырап тұрып қалады. Ә.Тар.
ОМЫРТҚАСЫН ҮЗДІ
Өлімші қылды. ~ Бір жолы, тіпті, Шақанды аяғынан іліп түсуге аз-ак қалды. Омыртқасын үзген екінші оқтан соң
ғана құлаған. М.Мағ.
ОМЫРТҚАСЫН СЫНДЫРДЫ
Жанын шығарды, тас—талқан қылды. ~ Санамда ырқыма бағынбайтын көтеріліс болып жатыр. «Оны қайтсем, мынау қалай болады?», «анау не болды?» деген қара дүрсіндіктің омыртқасын сындырған күрделі ойым осы шығар? Ә.Ыс.
ОМЫРТҚАСЫН ОПЫРДЫ
Сау-тамтығын қалдырмады. ~ – Содан кейiн не бопты? – Не болушы едi, түз тағысы қойсын ба, алып ұрып омыртқасын бiр-ақ опырыпты. Т.Сәу. ~ Екі айналуға келмей– ақ бір мақалдың омыртқасын опырып, жартысын жұтып қойғаның қалай? С.См.
УАЙЫМҒА БАТТЫ (ТҮСТІ, БЕРІЛДІ)
Қайғырды, мұңға батты. ~ Үнсіз, жым-жырт күйде басы-көзін темен салып Базаралы да ауыр уайымға батқан. М.Әу. ~ Ол нәрселерді алып, қарық болмақ түгіл байтал тұрмақ, бас қайғы болып, уайымға түсті. І.Жан. ~ Ет пен сүйектен жаралған адам баласы құсап меңдеген уайымға берілмей қалай тұра алсын. Т.Әбд.
УАЙЫМҒА БАТТЫ (ТҮСТІ, БЕРІЛДІ)
Қайғырды, мұңға батты. ~ Үнсіз, жым-жырт күйде басы-көзін темен салып Базаралы да ауыр уайымға батқан. М.Әу. ~ Ол нәрселерді алып, қарық болмақ түгіл байтал тұрмақ, бас қайғы болып, уайымға түсті. І.Жан. ~ Ет пен сүйектен жаралған адам баласы құсап меңдеген уайымға берілмей қалай тұра алсын. Т.Әбд.
