Қараңғылық орнады. ~ Қыздың қиылған қасындай иілген имек Ай бұлт қойнына тағы да сүңги бастаған.Өлеусіреп сәулесі өшіп бара жатты. Т.Рыск. Ізі өшті, сөнді. ~ Үнінде немкеттілік, тіпті, жымысқы кекесін де бар сияқты көрінді. Қабағы томпақтаудөңгелекше жанары қысқа сәтке зілді ызғармен жалт етіп, ізінше сәулесі өшті. Ж.Шағ. ~ Жүректе сезімнің сәулесі өшпеді, Сен жүрсің елестей, Ұмыта алмасам кеш мені, Менімен егеспей. Қаңтарда жаурадым, қалтырап, Сезімді жүректе жылыттым.. М.Сүй.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
СӘТІ ТҮСТІ (КЕЛДІ)
Орайы келді, жол болды. ~ Бұл ауылға келіп көруге сылтау таба алмай жүруші ем. Бүгін сәті түскен сияқты. Тек енді сен ағаңа қол ұшын бер. С.Жүн. ~ Енді біз дос болайық қияметтік, Өзіңді кездесер деп үміт еттік. Тап бүгін сәті түсіп жолықтық біз, Мақсатқа ойлап жүрген ақыр жеттік. Н.Әбут. ~ Атқарушы шалға. ілесіп бара жатып Санат біздерге қарап қалтасын ұстап, жымыңдап көзін қысып қойды. Онысы, сәті түссе бүгін де бауырсақты толтырып әкелем ғой дегені еді. Ө.Кәр. ~ Сол күні суда атып келе жатқанда, "Біткен сағатым осы" деп ойлаған. Бірақ өлімнің құшағында болса да, сәті келіп қана аман қалды. М.Әу.
СӘУЛЕСІН ҚҰЙДЫ
Нұрын төкті, жарық сыйлады. ~ Әлемге сәулесін құйып тұрған сұлулық падишасы Хансұлудың ай дидары! Тоймай қарайды Едіге, аспандағы сол дидарға. С.Ел. ~ Аспандағы ай сәулесі жер бетіне сүт сәулесін құйып тұр. Үйден шыққан Шөке іш құсталығын жалын атқан күрсінумен ортайтпақ. Б.Жұм.
СӘТІМЕН КЕЛДІ
Уақытында, орайымен болған уақиға туралы. ~ Қой, ауыз ауыртпайық. Аман болсақ әуселесін әлі-ақ көресің. Сәтімен келген жем де дәтке қуат. Жүр, мал келмей тұрғанда қораға тасып, жайғап алайық. М.Қаб. ~ Сәтімен келген қонақ екен. Біраз ойын-сауық жасап, қона жатқызып жібергенің мақұл!— деп, шайдан соң тысқа шыққан Мұсабайға ақыл салған. М.Әу.
СӘУЛЕСІН ТҮСІРДІ
Нұрын сеуіп, жарықтандырды, елес берді, сезім сыйлады. ~ Екі шалдың сол қаяусыз қарым-қатынасы жастары алшақ жатқан Сүкең мен Сәрәлдің арасына да сәулесін түсіргендей. М.Қаб. ~ Адам жүрегіндегі жылылық бейне бір атып келе жатқан таң шапағаты секілді. Бүкіл дүниені нұрға бөлейтіндей адамдық ықылас ішкі әлемге де сәулесін түсіреді. Ә.Ысқ.
СӘТІН САЛҒАНДА
Орайы болғанда. ~ Сәтін салғанда жардың екінші беті түйетайлау, көтерілуге ыңғайлы екен. Етектен шыққан Сүйінғара тобы бірден лап қойды. М.Әбдіх. ~ Бекет танымайтын біреудің бет-аузын арендаға алмай-ақ қойдым деп телефонға жоламай рацияға отырған. Сәтін салғанда директор кабинетінде болып шықты. Қ.Ысқ.
СӘУЛІМ БОЛДЫ
Бой жетті. ~ Қыздар сәулім болғанда жүріс түзер (Халық әні). ~ Ой жағалап ойнақтаған шұнақ қара қасқа лақша ыршып- ыршып түскісі келеді. Бірақ Күнікей ыршымайды: ол енді өзінің сәулім болғанына көзі жетті. Сәулім болса, бала қаздай байпаңдап, салмақпен жүру керек. Ж.Айм.
СӘТІН САЛДЫ
Жолы болды, сәті түсті. ~ Тек жаратқан өзі кеңшілігін берсін де. Сәтін салса, тәуір боп кетермін. Т.Сәу. ~ Бірақ тағы ескертемін. Біздер көрінбей сендер де қылп етпеңдер, тек осы шартқа берік болыңдар. Сәтін салғанда жардың екінші беті түйетайлау, көтерілуге ыңғайлы екен. Етектен шыққан Сүйінғара тобы бірден лап қойды. М.Әбдіх.
СӘУРІК АЙҒЫР
Үйірге түсе бастаған жас айғыр. ~ Кең далаға кішкентай үйірін сыйғызбай, тырқыратып қуалап болатын сәурік айғыр бар да, қыдыр дарыған байдың кереге жал құтпан айғыры бар-ау. Мен де сені келешекте сол құтпан айғырдай үйіріне тыныш, ақылы алдында, ашуы соңында жүретін зәбірсіз жан бола ма деуші едім. Ә.Нұрп. ~ Құла жирен сәурік айғыр екі байталды алдына сала қуып ала жөнелді. С.Бег.
СӘНІ КЕТТІ
Бұрынғы көркінен айырылды, қиюы қашты. * Осы күнде сәні кетіп бара жатқан үшінші бір жік бар. Бүл жіктің ақыны — ескі өлең, жыр, тақпақтарға еліктеп, желе-жортақтатып, қүбажондатып келетін Ғүмар Қарашев. Ж.Айм. * Ертістен бойды шіміріктіріп қоңыр салқын жел еседі. Кемерді тасқын кернеген. Аралды су алған. Аралдағы сәні кеткен сояу ағаштар. «Пәленді аулақ қыл!» дегендей, жан сауғалап, сендерге басы тиіп теңселеді. Ж.Айм. * Шайдан кейін терезенің алдында Еділге тұнжырай қарап отырды. Еділдің де сәні кеткен ажарсыз, сұрықсыз суы да салқындаған сияқты көрінеді. А.Чех. * Жылына бір дүркін жаңалап шығатын мынау қора-жай мен баспана да алқам салқамы шығып тозып барады, омарта мен бау — бақшаның да бұрынғыдай емес сәні кеткен. Қ.Ысқ.
