Көңілі жүдеді. * Алып От маусымының соңын ала тіршілік кенет салыңқы тартып, бірер күн ішінде айнала сары ала түске боянып шыға келеді. С.Сағ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
САЛПЫ ЕТЕК САРЫ ҚАРЫН
Салақ, бойын күтуден қалған сарытап әйел. ~ Сабақты қалай беретіндеріңді айтпай– ақ қояйын, нәріңді айтпай– ақ қояйын, ақтармай– ақ қояйын, сырт бейнеңе көңіл аударайын, қалай киінесіңдер, қалай жүресіңдер, сол жайлы ойландыңдар ма? Ауылдың салпы етек сары қарын қатындарынан артықшылықтарың қайсы? Ә.Тар. ~ Және де екеуінің арасында өмірі болмаған сезім туралы, жүрек құрғырдың дүрсілі туралы әңгіме елудің ернеуінен ұстағанда ауыздарынан шығып жатса, ауылдың салпы етек, сары қарын қатындарының шиқандай қылып ерін бояғаны сияқты келісімсіз масқара жайт емес пе? Сол және іштегі бір ынтасыздық та кедергі. Ұ.Досп. ~ …қызыл-жасыл оттың арасында жүрген таныс жігіт ондай сәттерде жұмбақ бейтаныс болып, алыстан, сиқырлы өсер ететін, сондайда өзінің жүнжіп кеткенін, салпы етек, сары қарын жабы қатын болғанын күңірене мойындайтын … Ә.Тар. САЛПЫЛ ҚАҚТЫ
САЛЫП ҰРЫП
Ә дегенде; бірден; бас салып. ~ Қарақоға көз ұшында көрінгенмен біздің ауылдан екі-үш шақырым шамасы бар. Оған барған адам кешсіз келе алмайды. Бұрын кол бос кезде кілең бала қосылып, салып ұрып жүре беруші едік. Б.Майл.~ Сәлден кейін бұлар салып ұрып Сарқырамаға да жетті. О.Сәр. ~ Былқылдайды табаны, бүлкілдейді өркеші. Желпілдейді шудасы, желкілдейді шоқтығы. Салып ұрып барады, әне, Сарыатан… Д.Әш. ~ Төбеден түскендей бұл салып ұрып жетіп келгенде кайтер екен? Д.Әш. ~ Бәріңе бірдей жұмсақ кресло табыла бере ме?! Қызмет таба алмасаңдар қайда барасыңдар, салып ұрып Елубайды іздейсіңдер. Қ.Жиен. ~ Салып ұрып, Жуанқұлдың үйіне келдім. Есектей дәу, ала маңтөбет маңқ-маңқ етіп үріп еді, үйден Жуанқұлдың қатыны шықты. Сықпытына қарасаң, иті де тоқ, қатыны да қарынды. Ш.Мұр.
САЛТ АТТЫ, САБАУ ҚАМШЫЛЫ
Үй-күйсіз, үйленбеген, жападан-жалғыз д.м. ~ Бірақ салт атты, сабау қамшылы адамды қайда жүр, қайда тұр дерің бар ма, қазір атқа мінсе, оясы толы жылқымен екі сағаттан кейін қырғыз асып кетуі мүмкін. Б.Қыд. ~ Сол күні Лайкөлге қарай екінші біреу де бара жатты. Салт атты, сабау қамшылы жалғыз кісі еді. З.Шүк. ~ Жиырма жыл Жұныстың атса оғы, шапса қылышы едім. Міне, тасқа тиіп морт сындым. Қатын, баласыз, үй-күйсіз, салт атты, сабау қамшылы бір жанмын. Ғ.Мұст. ~ Қытайға қарай көшеміз деушілер көп, соларға ілессін. Ал біз салт атты, сабау қамшылы жолаушымыз. Б.Тоғ.
САМ ЖАМЫРАДЫ
Күн ұясына қонып, сәуле сөне бастаған шақ. ~ Енді болмаса жылайтын еді, аяқ астынан дір етіп ұшқан бозторғай көңілін бөліп, жасын тоқтатуға себеп болды. Ол кезде күн батып, сам жамырай бастап еді. Ж.Айм. ~ Сам жамырап ел орынға отырған кезде, орыстар бастығының ақырып қалған даусымен қаздай шұбырып, асудың тар аузына қарай арқандай созылды. Ж.Айм. ~ Сам жамырап, ауыл түн тыныштығына тұмшалана оранып алғандай, енді-енді маужырап қалғи бастаған. К.Сег. ~ Кеш болып, сам жамырағанда жолдағы ауылдардың біріндегі оңаша отырған қараша үйге бас сұқтық. Ж.Шәк. САМ СЕБЕ ХОЗЯИН ӨЗІ БИ, ӨЗІ ҚОЖА.
САЛТ БАСТЫ (БАС), САБАУ ҚАМШЫЛЫ (ҚАМШЫ)
Жалғыз басты, үйленбеген, бойдақ. ~ Әжем өзінің ұлдарына өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен менің әкем Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, сабау қамшылы жүріпті. Б.Мом. ~ Талап жолға шығар алдында Жомартқа хабар берсем бе, бермесем бе деп біраз ойланған. Салт басты, сабау қамшылы болса ешкімді мазаламай-ақ тарта берген жөн. С.Дос. ~ Салт бас, сабау қамшы жас әйел осы аласапыран, қаралы күндері қаужап ермек қылатын қуаныш тауып жүреді. О.Сәр.
САМАЙЫН АҚ БАСТЫ (ШАЛДЫ)
Қартайды; шашына ақ кірді. ~ Сені аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар, Ақ бас таулар — самайын ақ басқандар. Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар, Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар, Су кешіп, жалаң аяқ от басқандар! М.Мақ. ~ Міне, екеуі қатар келеді. Тау өңірінің биыл әсіресе, қақалып өскен кілем түгіндей тып-тығыз көгін қатар басып келе жатып көз қиығын Әзімге тастап еді. Жасаған-ау, бұның да самайын ақ шалған ба? Ә.Нұрп. ~ Серке басыммен, самайын ақ шалған аға жасыммен мен бұлай өле алмадым, алданып, опасыздың отына күйдім. Т.Сәу.
САЛТ БОЙЖЕТКЕН
Айттырылмаған, басы бос бойжеткен қыз. * Бұдан соң тағы бір жыл өткенде 17-жылдың өзгерісі болды… Өзгерістен бір жыл бұрын сабағын бітірмесе де, Ғайша оқудан шығып, салт бойжеткен болып жүр еді. М.Әу.
САМАЙЫН ҚЫЛАУ (ҚЫРАУ) ШАЛДЫ (ТҮСТІ)
Шашы ағара бастады. ~ Самайын қылау шалып, маңдайын ажым торлаған батырдың бұл күнде шаршысы шығып, алқымы да салақтап боғағы көлгілдеп семіріп алған екен. Б.Жұм. ~ Бірақ әлі өңін бермеген. Қоңырқай шашының самай тұстарын қырау шалса да, көруге аса көркем жан екен. Х.Ес. ~ Санжар қарсы беттегі айнадан шашы сиреп, самайын ақ қырау шалған, маңдай әжімі тереңдеген жасамыс еркекті шалды. Д.Дос. ~ Мырқы мырза қартаймайтын, самайына қылау түспейтін, жігітшілігі жыл санап үдеген, жүз жасаған адам ба, әлде екі ғасыр бойына қақшаңдаған сайтан ба деп таңқаласыз әрине. Д.Дос.
ҮШКІРІП ЖУСАТЫП, ЫСҚЫРЫП ӨРГІЗДІ
Айтқанын екі етпей істетті; билігі мол. * Жаңа «Шабындық бөлудегі оның кінәсі не?» дедің. Мынау жалпақ елді үшкіріп жусатып, ысқырып өргізіп отырған Нарбота баласы Қожамберген де қой терісін жамылған көк бөрінің өзі. К.Сег.
