Posted in

ҮН САЛДЫ

Дауыс берді, дыбыс шығарды. * … шөптердің түрі-түсі, мына нар шоқалақтардың тұрпаты қайталап қараған сайын көзіне оттай басылып: «Сол, сол!»-деп ішкі даусы арғы жағында үн сап жатты. Ә.Нұрп.

Posted in

ҮМІТІ (ТІЛЕГІ) ҮЗІЛДІ (КЕСІЛДІ)

Дәмесі ақталмады; күдерін үзді. … жаудың қолын басып, жасырынып, қаланың қирап жатқан қорғанына қарай бет алғанда, таулардыңсорайған қара тістерінің үстінде өткір қылыш дал-дұл қылған мыс қазандай болып ай туғанда, әсіресе осындай түндерде өмір үміті біржола үзілгендей болатын еді. М.Жұмаб. Қайтейін? Жалғыз-ақ арман етерім -қарағымның қолынан бір уыс топырақ бұйырмады-ау! "Тірегім сынды,тілеуім кесілді!" деп жасағанға зар шаққанда, не өнеді? С.Смат. Хат үзілген соң Ханжігіттен Кәмиләның да күдері үзілді. Үміті кесілді. Ғ.Біләл

Posted in

ҮМІТІ ДАЛАҒА КЕТТІ

~ . Өзімнің кім екенімді білместен әнімді сыйлағаны үшін оған айтар алғысымды айттым. Мені өзінің қасына алар деген үмітте едім, ол үмітім далаға кетті. Ә.Әб.

Posted in

ҮНІ ҚҰЛАҒЫНА ТИДІ

* Көз жауын алған арам дүние демің біткен күні басқа тебеді. Нұртайдың жүзі қара күреңденіп, сырт айналды.Әлде кімнің аянышты үні құлағына тиді. З.Шүк.

Posted in

ҮКІШЕ ҮЛБІРЕТТІ

~ — Ау, халайық, ауылымда ат ойнатып жатқаныңа аз болған жоқ. Сен иісі Үсен әулетінің намысын жыртып аттана шапқанда, мен үкіше үлбіреткен жалғыз қызымның жанына сая бола алмасам, несіне тірі жүргенім. Б.Мом.

Posted in

ҮЛГІ ТҰТТЫ

~ Оның Боранбаев есімді қорқақты жазалағанын да жөн көрдік. Оның Бозжанов, Рахимов сияқты серіктерін де өзімізге үлгі тұттық. Ә.Нұрш.

Posted in

ҮЙТІП ЖЕ!

Қолыңнан келгеніңді қыл д.м. Ол итінді бұл ауыл көрмегелі алты ай болды ма, немене? Қайда тентіреп жүргенін білген кісі көргем жоқ. Ұстап ал да, үйтіп же! Арылғаным сол!- деді. М.Әу. Білгеніңді аяма! Қазақ қатындарының" күнтимесінен" талай рет дәм татқан "ызбырайымды" айызың қансаүйтіп же! А.Өтег.