~ «Қонақтардың» құрыған ындынын жабуға қызметшілері міндетті. Әсіресе олар уыстарына байлардың, үлкен бастықтардың балаларын түсіргенді қалайды. Ә.Ыб.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ЫНДЫНЫН ҚҰРТТЫ
~ Алдаштың немересі бар білгенін бірден ақтара да салмай, әр сөзін суыртпақтап аузына қарап отырған жұрттың ындынын да құртпай әңгімені әп-әдемі айта алатын жігіт екен. Керек кезінде тосып та, жосып та, тіпті кесіп те айтады. Е.Әл.
ЫНДЫНЫН САЛДЫ
~ Осындағы сарайдың бірінде жатып, таңның атысы, күннің батысы демей ындынын салып жұмыс істеді. Жұмыс ауыр. Бұрын мұндай жұмыс істемеген Қыдырбайға оңай соқпады. Д.Шал.
ЫНТ-ЖЫНТТАРЫ КЕТТІ
* Сары ала шатырдың іші толы адамның ешқайсысында үн жоқ. Осы бір тізерлесе тізілісіп қалған айғыр топ екі адамның егесін емес, екі төбеттің таласын көріп отырғандай ынт-жынттары кетіп, телмірісе қалыпты. Ә.Кек.
ЫНТА-ШЫНТАСЫМЕН ТЫҢДАДЫ
~ Басын төмен салып үнсіз келе жатқан ағасының жүзіне ол ұрлана қарап қойды. Мен не айтсам да, қалі жібермейді. Ынты-шынтысымен тыңдайды — деп ойлады Науан. М.Сүн.
ЫМЫРТШЫНЫҢ ЕСІНДЕ, КҮЗЕТШІНІҢ КӨЗІНДЕ
* – Ұзын арқан, кең тұсаудың заманы емес. Бүгінде ымыртшының есінде, күзетшінің көзіндегі қияс шақ, Тәке, – деді Еркін нығыздана отырып. О.Бөк.
ЫНДЫЗЫ ЖАРЫМАҒАН
~ Ішекқарыншы қатындардың некесіне басылған шақпақ ет, шажырқай, ұйқы, бел тамыр, шолақ кеңірдек, талақ сияқтыларды да: — Бері әкел, бермен? — деп, танауы желбеңдеп, астауға сала берді. Өрік қырындаған кезде, қатындар біріне-бірі қарап, еріндерін шығарып: — Мынау бір, ындызы жарымаған шіркін ғой!.. — деп күңкілдесті. Ж.Айм.
ЫНДЫН БЕРМЕДІ
Құлақ аспады; назар салмады, ықылас қоймады; бағаламады. * Сонда айтты: «Қайран, Салон, келмедің ғой! Сөзіңе бұрын ындын бермедім ғой, Данышпан, қасиетті жан екенсің, Аман бол! Енді менің өлгенім ғой!» Шәкәрім
ЫНДЫН ҚОЙДЫ
Ынта қойды; ықыласын аударды. * Өлең мен сөзді шеберлеп, Айтқаным мақұл келер деп, Ындын қойып ентелеп, Жарайды деп осыным. Ш.
ЫНДЫНЫ АШЫЛДЫ
Араны ашылды; ашқарақтанды. * Жоқ, елес емес, қолына жуа сабағы ілікті. Жұлғанша шыдамай еңкейе құлап қарш-қарш шайнады. О, паруардігер! Тал жуаның өзінен-ақ кәдімгідей өмір нәрі тамғандай таңдайына. Құлшынып, ындыны ашылып, көк шөпті аралап еңбектеп келеді. Тағы да, тағы да қарш-қарш шайнағысы келеді, көк жуа сабағын. С.Елуб. СИН: ЫНДЫНЫ КЕПТІ
